ДИКТОР: Өрт сөндіруші мамандығы ең маңызды және де ең қауіпті мамандықтардың бірі. Құтқарушылар өз өмірі мен денсаулығын қауіпке тіге отырып, тілсіз жаумен күреске түседі. Өрт сөндіру қызметі туралы айтқанда, біз көбіне өрт сөндірушілердің жұмысына ғана тоқталамыз. Алайда осы команданың бір бөлігі және осы қиын қызметте маңызды рөл атқаратын жүргізушілер туралы көп айтыла бермейді.
РКС: Оралбек Боқанов - Көкшетау қаласындағы №11 өрт сөндіру бекетінде өрт сөндіру көлігінің жүргізушісі. Оның бұл қызметте жүргеніне 15 жылдай болды.
ИНТЕРШУМ
СНХ: ОРАЛБЕК БОҚАНОВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ №11 ӨРТ СӨНДІРУ БЕКЕТІНІҢ ЖҮРГІЗУШІСІ: Мектепті бітіргеннен кейін Красный Яр ауылындағы техникалық лицейге оқуға түсіп, оны бітірген соң әскер қатарына шақырылып, бір жыл қызмет еттім. Одан кейін өртке қарсы қызметке жұмысқа орналастым, бұл 2010 жыл еді. Бурабай ауданы, Щучье қаласында жұмысты бастап, сол жерде 2 жыл істедім, кейін Көкшетау қаласына ауыстым.
РКС: Өрт сөндіру көліктерінің жүргізушілері маңызды міндеттерді атқаруда. Оралбек Боқанов - көп жыл өрт сөндіру көлігінің жүргізуші болып мол тәжірибе жинаған білікті маман.
СНХ: ОРАЛБЕК БОҚАНОВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ №11 ӨРТ СӨНДІРУ БЕКЕТІНІҢ ЖҮРГІЗУШІСІ: Кезекшілікке шыққанда алдымен өрт сөндіру көлігнің барлық механизмдерін, агрегаттарды, сорғыларды, өрт сөндіргіштерді тексеріп алу керекпіз. Техникалық жағдайды қараған соң, сабақ жүргізіледі. Сабақтан кейін күнделікті жұмыс тәртібіне сай түрлі шаруашылық істерді атқарып, көліктерге техникалық қызмет көрсету жұмыстарын жүргіземіз. Жолға шыққанда біз шақыру орнына келеміз, нұсқауларға сәйкес, жүргізушінің міндеттеріне сәйкес, көлікті қауіпсіз қашықтыққа қоямыз, жанар майдың, өрт сөндіру заттарының шығынын бақылаймыз.
РКС: Осылайша, өрт сөндіру қызметінің әрбір қызметкері өте қиын қызметті атқарады. Айта кететін жайт жүргізуші әртүрлі жол және метеорологиялық жағдайларда қызмет көрсететін өрт сөндіру көліктерінің барлық түрлерін жүргізе алуы шарт.
АЙЫМГҮЛ НАЗАРОВА, КАЙЫРБЕК ТӨЛЕГЕНОВ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, АРДАҚ ТЛЕУҒАБУЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ