ДИКТОР: Қазақстанда жыл басынан бері зейнетақы аударымдарының жаңа ережелері бекітілді. Бірыңғай жинақтаушы жүйесі жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарымен толықтырылды. Жұмыс берушілердің өз қаражаты есебінен қызметкерлерінің пайдасына міндетті зейнетақы жарналарын кезең-кезеңімен енгізу басталды. Олар биылғы 1,5 проценттен бастап, 2028 жылға қарай 5 процентке дейін көтеріледі. Алайда, тұрғындарда бұл мәселеге қатысты көптеген сұрақтар туындаған.

РКС: Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есебінен алынған зейнетақы жинақтарын "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" Акционерлік Қоғамынан тұрғын үй жағдайларын жақсарту немесе емделу мақсатында біржолғы төлем түрінде ақша алуға тыйым салынған. Сондай-ақ, инвестициялық портфельді басқарушыға ақша табысталмайды және мұрагергерлікке берілмейді. Тұрғындар арасында жаңа зейнетақы аударымдары туралы ақпарат қызу талқыланып жатыр. Көбісі бұл жинақтардың мұраға қалмайтынына наразы.

БЛИЦ-ОПРОС:

- Это несправедливо, это неправильно, это не демократично. Я лично, категорично не согласна.

- Этого нельзя допустить, надо, чтобы родственник наследовал пенсионные отчисления например умершего.

- Пенсионный отчисления қайтарып бермегені дұрыс емес, ол адам өмір бойы жұмыс істеп, денсаулыққа зиян келтіріп, оның налог төлеп жинағанда, адам қайтып кетсе оны міндетті түрде мемлекет наследниктарына беру керек.

РКС: Осы жылдан бастап жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы төлемдері тек 1975 жылдан кейін туған жұмысшыларға аударылады. Бұл ретте қызметкердің ай сайынғы табысы ең төменгі жалақыдан аз болмауы және ең төменгі жалақы мөлшерінің 50 еселенген көлемінен аспауы тиіс. Бұл шара жас ұрпақты қолдауға бағытталған. Олардың зейнетақы мөлшері зейнетақы аударымдарына тікелей байланысты.

СНХ: ЖАНАТ ҚҰРМАНОВ, «БІРЫҢҒАЙ ЖИНАҚТАУШЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЫ» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ: Бұл қызметкерлердің зейнетақымен қамтылуына мемлекет пен қызметкер ғана емес, жұмыс беруші де жауап беретін халықаралық тәжірибеге сәйкес келеді. Болашақта қызметкерлердің зейнетақысы үш табыс көзінен құралады.

РКС: Сонымен қатар, осы жарналарды төлеу мақсатында қызметкердің жалақысынан ақша ұстап қалу заңсыз. Мұндай заң бұзушылыққа жол берілген жағдайда қызметкер еңбек инспекциясына жүгінуге құқылы.

МАҚПАЛ ЕРҒАЛИЕВА, ЗАРИНА БЕКҚАЛИЕВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.