РКС: Ауа райының қолайсыздығына байланысты облыс орталығында бірінші ауысымдағы 1-4 сыныптар қашықтан оқуға ауыстырылды. Ауа температурасы -25 градустан төмен және желдің жылдамдығы секундына 20 метр және одан қатты болған жағдайда бастауыш сыныптар онлайн білім алу режиміне көшеді. Сондай-ақ, ауа температурасының -26 градусқа дейін төмендеуіне байланысты екінші ауысымдағы 1-9 сыныптардың оқушылары да қашықтан оқуға ауыстырылды.