ДИКТОР: Әскерде жүрген сарбаздардың несиесін өтеу уақытша тоқтатылып жатыр. Мерзімді қызметтегі сарбаздарға қаржылық міндеттемелері бойынша ай сайынғы төлемдерін 13 айға кейінге қалдыруға мүмкіндік берілген. Сондай-ақ, несие берушілер берешекті өндіріп алу бойынша сотқа және нотариусқа өтініш беруді тоқтатты.
РКС: Несиесі шегеріліп, мәселесі уақытша болса да шешілгендердің бірі Көкшетауда әскери борышын өтеп жүрген қарағандылық Ердәулет Мәжитов. Әскер қатарына шақыртылғанға дейін қомақты қаражат қажет болып, бірнеше банктерден ақшалай несие алыпты. Әскер қатарына алынған соң қарызды қалай өтеймін деген сұрақ мазалағанын жасырмайды. Енді, міне, мемлекет енгізген жаңашылдықтың шарапатын көріп отыр.
СНХ: ЕРДӘУЛЕТ МӘЖИТОВ, 5510 ӘСКЕРИ БӨЛІМІНІҢ САРБАЗЫ: Осы әскерге келген соң менде өзімде сұрағым болған. Қалай өзімнің кредиттерімді жабам. Бірнеше банкта кредит болған. Сомасы 500 мыңдай. Сосын осы әскери бөлімнің қолбасшылары кредит кімде бар деп сұрады. Оларға айтқанбыз кредит бар деп. Бізге анықтама берді. Банктерге сосын жібердім.
РКС: Жаңашылдыққа сай, әскерге жинау пункттерінде әскерге шақырылушыларда несиелер мен қарыздардың болуы туралы ақпарат жинау жұмыстары жүргізіледі. Несиелері бар жастар жергілікті әскери орган басшысының атына қарыз берушінің атауын және төленуге тиісті соманы көрсете отырып өтініш береді. Мүмкіндікті пайдаланғандардың тағы бірі петропавлдық Темірлан Тілектес.
СНХ: ТЕМІРЛАН ТІЛЕКТЕС, 5510 ӘСКЕРИ БӨЛІМІНІҢ САРБАЗЫ: Маған түсіндіруі бойынша ол счеттарда заморозить етеді. Одан кейін өзім де сөйлесіп, банкқа звондап барлығын білдім. Шынымен де, процент ештеңесі қосылмайды, тек уақытша ғана тоқтатылып тұрады. Ал, армиядан кеткеннен кейін 1-2 ай беріледі екен. Содан кейін өзің төлей бересің.
РКС: Қарызы бар екендігін хабарлап үлгермеген сарбаздар бөлім басшылығына жазбаша өтініш бере алады. Осы күні, 5510 әскери бөлімдегі 200ге жуық сарбаздың қарызы кейінге шегерілген.
ФАРИЗА АСЫЛБЕКОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ КӨКШЕ АҚПАРАТ