ДИКТОР: 2023 жылы Көкшетауда 177 өрт тіркелді. Оның 2-і қоғамдық тамақтану орындарында. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері адамдар көп шоғырланған жерлерде өрттің алдын алуға көп көңіл бөледі. Нақтырақ айтсақ, көп пәтерлі тұрғын үйлердің бірінші қабатындағы кафелер мен мейрамханаларда. Профилактикалық шара барысында бірқатар бұзушылықтар анықталып, оларды жою бойынша ұсыныстар берілді.

РКС: Көппәтерлі тұрғын үйлерде орналасқан қоғамдық тамақтану орындарында өрт қаупі жоғары. Мұның бірнеше себебі бар – дейді мамандар.

СНХ: РУСЛАН МОЛДАҒУЛОВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ИНЖЕНЕРІ: Тамақтану орындарының иелері сергек болуы керек. Бұзушылықтарды болдырмауға тырысу қажет. Өрт қауіпсіздігінің талаптары бойынша, адамдар көп жиналатын жерлерде өрт дабылының болуы міндетті. Ғимаратты алғашқы өрт сөндіру құралдарымен жарақтандыру. Эвакуациялау жоспарын көрінетін орынға іліп қою. Сондай-ақ, өрт қауіпсіздігі жөніндегі нұсқаулықтар. Автономды жарық индикаторларының болуы, үй-жайдан уақтылы эвакуациялау үшін шығу белгісі болу шарт.

РКС: Кәсіпкерлер көбіне қарапайым сақтық шараларын сақтамайды. Ең көп тараған бұзушылықтар – нысанда газ баллондарын пайдалану, отпен абайсыз жұмыс істеу және ақаулары бар электр сымдарының болуы. Сондай-ақ, ғимаратта өрт болған жағдайда эвакуациялау жоспары болмайды.

СНХ: САНАТ СҮЛЕЙМЕНОВ, КАФЕ БАСҚАРУШЫСЫ: Біздің кәсіпорын тұрғын үйде орналасқандықтан өрт қауіпсіздігін мұқият қадағалаймыз. Тексермеуге мораторий болғанына қарамастан, талаптарды сақтаймыз. Бұл ең алдымен өзіміздің және бүкіл үйдің қауіпсіздігі. Мұнда көп адамдар тұрады. Сондықтан өрт дабылы қондырғылары, өрт сөндіргіштер, барлығы бар. Олардың бәрі уақытылы тексеріліп тұрады.

РКС: Ақмола облысының төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды қырағы болуға және өрт қауіпсіздігінің барлық ережелерін сақтауды ескертеді.

САМАЛ ЫСҚАҚОВА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, ЕРСАЙЫН ҚОЙШЫБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ