ДИКТОР: 2020 жылдан бастап Қазақстанда "Оқуға құштар мектеп" жобасы іске асып келеді. 2023 жылы 3 тілдегі көркем әдебиет кітаптарының 70 мың данасы сатып алынған. Балалар оқу орындарындағы кітапханалар мен коворкинг аймақтарында кітаптарды еркін оқи алу мүмкіндігіне ие.

ИНТЕРШУМ: қыз бала өлең оқиды

РКС: Жобаның негізгі мақсаты - оқушының оқу сауаттылығын қалыптастыру және жетілдіру. Мамандардың айтуынша, бұл балалардың кітапқа деген қызығушылығын арттыруға, шығармашылық ойлауы мен қиялын дамытуға көмектеседі. Ол үшін мектеп кітапханаларының қызметкерлері қазақстандық және әлемдік әдебиеттің үздік туындыларын таңдайды. Балаларға кітап әлеміне саяхат жасауға олардың ата-аналары да қолғабыс ете алады.

СНХ: МАРИНА ЛИ, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ: "Оқуға құштар мектеп" жобасы балалар мен жастарды кітап оқуға баулу мақсатында жасалған. Бұған мектептің педагогикалық құрамы мен оқушылары ғана емес, ата-аналар да қатысады. Осы мақсатта ата-аналар мен балаларды біріктіріп, отбасылық кітап оқуға арналған іс-шаралардың санын көбейтуді көздеп отырмыз. Қысқы демалыс барысында отбасылық оқуға екі күн қарастырылды.

РКС: Көкшетау қаласындағы №12 орта мектепте де бұл жоба белсенді белең алып келеді. Білім беру мекемесінің қорында шамамен 35000 дана кітап бар. Балалар әр бейсенбіде кітап сағаттарын өткізіп қана қоймай, кітапханаға барып қызыққан шығармаларын оқи алады.

СНХ: ӘСЕЛ СҮЛЕЙМЕНОВА, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ №12 ОРТА МЕКТЕБІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Біздің кітапханада балаларға арналған көптеген қажетті кітаптар бар. Қазіргі заманғы әдебиеттер, мектеп кітаптары, сөздіктер, оқулықтар және т.б. Қазіргі жастардың өміріне кітаптардан гөрі гаджеттер көбірек әсер етеді. Балалар кітаптарды жақсы көргенін қалаймыз. Қағаз бетінен оқығанда кітап ішіне енгендей боласыз.

РКС: Қағаз басылымдарына ерекше назар аударылғанына қарамастан, жобаға электронды кітапхана жүйелері де енгізіледі. Ол үшін облыс мектептерінде өткен оқу жылында оқу кабинеттерін жөндеу жүргізілді. 1343 компьютер мен 896 ноутбук сатып алынды. Сондай-ақ, балалар QR код сканерлеу арқылы өздерінің смартфондарында әлемнің ең үздік шығармаларын оқи алады.

МАҚПАЛ ЕРҒАЛИЕВА, ВАСИЛИЙ ПАВЛИДИ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЁВ, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ