ДИКТОР: Облыстың барлық мектептерінде осы жылдан бастап аналар кеңесі ашылады. Әлеуметтік бастама аналарға балаларын дұрыс тәрбиелеуге мүмкіндік беруге бағытталған. Барлық ата-аналардың күш-жігерін біріктіретін аналар кеңесі, қоғам қайшылықтарын мектеп ішіндегі медиация арқылы шешпекші.

РКС: Аналар кеңесі Қазақстанда 10 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Олардың міндеті-отбасы институтын сақтау және нығайту. Консультативтік кездесулер дисфункционалды отбасылармен профилактикалық іс-шаралар жүргізуге, балаларға өз мәселелерін шешуге көмектесуге, табысты отбасылардың тәжірибесін жас ата-аналарға үлгі ретінде таратуға бағытталған.

СНХ: НАЙЛЯ СЕЙДАЛИНА, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ АНАЛАР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ: Ең алдымен, мектептерде қоғамдық құрылымды нығайту маңызды. Мектеп қабырғасында орын алатын кикілжіңдерді медитативті түрде шешу керек. Бұл жұмыс жедел жүргізілуі тиіс. Мұғалімдер арасында, мұғалімдер мен оқушылар арасында кей жағдайда түсініспеушілік орнап жатады. Сондықтан да, бұл мәселелердің басын ашып алған дұрыс. Есесіне бала мектепке тыныш барып, тыныш қайтады. Яғни, бұл арқылы буллингке жол бермейміз.

РКС: Көпбалалы ана Анаргүл Мұхамедрахимованың айтуынша, аналар кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы негізгі құрылымдық бөлімшелердің бірі. Алты баланың анасы «бұл бастамаға басқарма және қалалық білім бөлімі қолдау білдірд»,-дейді.

СНХ: АНАРГҮЛ МҰХАМЕДРАХИМОВА, ОБЛЫСТЫҚ АНАЛАР КЕҢЕСІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Аналар кеңесі ата-аналарға кеңестік көмек береді. Кеңесті құра отырып, біз ең алдымен "Мәдениетті ана - мәдениетті ұлт" жобасы аясында жұмыс бастағымыз келеді. Бәрі аналардан басталады. Сондықтан балаларды тәрбиелеу мәселесін мектепке тапсырудың қажеті жоқ. Ең алдымен, баламен ата-анасы айналысуы керек. Біз әрдайым көмекке келуге дайынбыз. Ата-аналар мектепте де, балаларына да көмекке келеді.

РКС: Белсенді ата-аналар Аналар кеңесінің қатарына қосылады. Мамандардың айтуларынша, №17 мектеп-гимназиясында, жас ата-аналар клубын ашу жоспарланған. Аналар жастарға тәжірибесі жайлы айтып бере алады.

МАҚПАЛ ЕРҒАЛИЕВА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ