ДИКТОР: Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, облыс аумағында жасалған қылмыстар саны соңғы жылдары төмендеп келеді. Егер 2019 жылға дейін облыс төңірегінде жыл сайын, 10 мың адамға шаққанда, шамамен, 159 қылмыс жасалатын болса, 2020-жылдан бастап бұл көрсеткіш 104-ке дейін төмендеген. Ал, 2023 жылы 65-ке дейін азайған.
РКС: 2022 жылмен салыстырғанда өткен жылы облыс аумағында тіркелген тәртіп бұзушылықтар саны 4,4%ке төмендеген. Криминогендік жағдай бойынша барлық облыстар арасында біздің өңір 11-ші орынға жайғасқан. Қылмыстық құқық бұзушылық бойынша Көкшетау, Степногорск қаласы, Қосшы, Ақкөл, Целиноград, Шортанды, Сандықтау және Ерейментау аудандарды көш бастап тұр.
СНХ: АҚЫЛ ҚАРПЫҚБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ СТАТИСТИКА ЖӘНЕ АРНАЙЫ ЕСЕП БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Сондай-ақ, 2023 жылы бопсалау фактілері 147,6%-ке өскен. Ал, республика бойынша айтар болсақ, осы бағытта 494 қылмыс жасалған. Көкшетау қаласында бопсалаудың 20 фактісі тіркелсе, Бурабай ауданында 21, ал Степногорск қаласында 8 жағдай болды. Төмендеу тек Қосшы қаласында байқалады. Ол жердегі тәртіп бұзушылық 50 процентке азайған.
РКС: Өткен жылы облыс аумағында адам өміріне қауіп төндірген 587 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Бұл 2022 жылға қарағанда 10,1%ке аз. Нәтижесінде 987 адам зардап шеккен. Оның 861і түрлі дене жарақаттарын алса, 117 адам көз жұмған.
СНХ: АҚЫЛ ҚАРПЫҚБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ СТАТИСТИКА ЖӘНЕ АРНАЙЫ ЕСЕП БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: 587 фактінің ең көбі Целиноград, Бурабай аудандарында және Көкшетау қаласында тіркелген. 274 жағдайда көліктердің бір бірімен соқтығысуы болса, 139 жаяу жүргіншіні соғу фактісі тіркелген. 99 көлік аударылып қалған.
РКС: Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, 2023 жылы отбасылық-тұрмыстық бағытта 67 тәртіп бұзушылық тіркелген. 2022 жылмен салыстырғанда айтарлықтай өсім байқалмайды. Ал, интернет алаяқтық жағынан біздің облыс республика бойынша алтыншы орында тұр. Бұндай қылмыстардың көбі ашылмай қалады және күн сайын алаяқтар жаңа айла-тәсілдер ойлап табады.
РКС: Қылмыстардың көбі ащы судың немесе есірткінің кесірінен болады,-дейді мамандар. Мәселен, өткен жылы біреудің мүлкін ұрлау бойынша 249 дерек, 109 – дене жарақатын жасау, 112 – көліктік тәртіп бұзушылық, 47 – көлік ұрлау, 14 – бұзақылық, 23 – адам өлтіру, 16 – тонау және бопсалау, 10 – зорлау фактісі тіркелген.
ИНФОГРАФИКА:
- біреудің мүлкін ұрлау – 249 жағдай;
- дене жарақатын жасау – 109 жағдай;
- көліктік тәртіп бұзушылық – 112 жағдай;
- көлік ұрлау – 47 жағдай;
- бұзақылық – 14 жағдай;
- адам өлтіру – 23 жағдай;
- тонау және бопсалау – 16 жағдай;
- зорлау – 10 жағдай.
ФАРИЗА АСЫЛБЕКОВА, ҚАЙЫРБЕК ТӨЛЕГЕНОВ, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ КӨКШЕ АҚПАРАТ