ДИКТОР: Бурабай ауданына қарасты Есмағамбет Ысмайылов атындағы Мәдениет орта мектебіндегі мұражайға 40 жыл толып отыр. Мұнда тарихқа толы 300-ге жуық жәдігер бар.

РКС: Есмағамбет Ысмайылов атындағы мұражай екі бөлімнен тұрады. Алғашқысында Мәдениет ауылының тарихы, екіншісі этнография, яғни тұрмыстық заттар қойылған бөлім. Мұнда мектеп тарихы, Ұлы Отан, Ауған соғысына қатысқан ардагерлер, ауылдағы жер су аттары, тарихы жазылған суреттер мен ақпараттарға толы.

СНХ: ҮМІТЖАН ЕГУБАЕВА, Е.ЫСМАЙЫЛОВ АТЫНДАҒЫ МӘДЕНИЕТ ОРТА МЕКТЕБІ ТАРИХ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ: Ең басты бөлім Е.Ысмайыловқа арналады. Филология ғылымдарының докторы, профессор. Жәдігерлерді жинақтауда отбасы үлкен роль атқарды. Алматымен байланыс жасап, сол Алматыдан қызы Шәрипа құжаттарын, ғылыми дәреже алған құжаттарын, жеке заттарын өзі жазған кітаптарын, ол кісі туралы жазылған кітаптарды әкеліп, өз қолымен мұражайға тапсырды. Ол кісілермен, туыстарымен ұзақ уақыт байланыс жасап отырдық.

РКС: Орта мектеп төріне этноауыл орналастырылған. Бұл жерге оқушылар түрлі іс-шараларға жиналады. Ауылдағы асыл әжелер мен ұлағатты әкелер үйірмесі мүшелері ұйымдастыратын басқосулар да осы жерде өтеді.

СНХ: ГҮЛНИСА ӘБІШЕВА, Е.ЫСМАЙЫЛОВ АТЫНДАҒЫ МӘДЕНИЕТ ОРТА МЕКТЕБІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Бұл мектебіміздегі ауқымды жер деп айтуға болады. Этноауылымыз ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында осы жерді арнайы дайындаған болатынбыз. Балалар тарихты ұмытпасын деп, әрбір сабақты естеріне салып, біліп жүрсін деп. Мұндағы заттарды оқушылар өздері дайындады. кейбірін өздері үйлерінен алып келді. ОСы жерге құнды материалдар жинақталды.Бұл болашақ үшін керек. Әжелеріміз бұрымды қыз, ою ою сияқты барлық іс-шараларды осы жерде өткізеді.

СНХ: РАЯНА ОРАЛҚЫЗЫ, Е.ЫСМАЙЫЛОВ АТЫНДАҒЫ МӘДЕНИЕТ ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ОҚУШЫСЫ: Бұл менің атамның шапаны. Өте жылы, жайлы. Өте ауыр, ескі зат қой. Үйде жай жатқасын деп мұражайға берейік деп шештік. Мектепке келгенде қарап, көріп кетемін. Мұражайға келіп тұрамыз, көп жиындар осы жерде өтеді.

РКС: Қазір интернет заманы болғанымен, тарихқа тұнған мұндай мұражайлар қашан да тәрбие орталығы болып қала бермек,- дейді мектеп басшылығы.

М.АЙБАБИНА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ