ДИКТОР: Өтіп бара жатқан жыл Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театры үшін жемісті болды. Театр ұжымы бірнеше фестивальдарға қатысып, түрлі дәрежедегі марапаттармен оралды. Ал, жылдың қорытындысы бойынша мәдени ошақтың актері Асланбек Шайсұлтанов «Жыл актері» атанып облыс әкімі Марат Ахметжановтың марапатына ие болды.
РКС: Асланбек Шайсұлтановтың Көкшетау театрында жұмыс істеп жүргеніне 9 жыл болған. Ол Астанадағы Шабыт университетінде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат», «Құрмет» ордендерінің иегері Лейло Бекназар-Ханинганың курсын тәмамдаған. Қолына диплом алған соң туған жеріне оралып, облыстың мәдениет саласының дамуына үлес қосуды жөн көріпті.
СНХ: АСЛАНБЕК ШАЙСҰЛТАНОВ, Ш.ҚҰСАЙЫНОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚ МУЗЫКАЛЫҚ-ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ АКТЕРІ: Осы жыл біздің театрымызға жақсы жыл болды. Бір екі үш фестивальдерге қатыстық. Және де Қазақстан бойынша бірінші рет комедия фестивалі ұйымдастырылды. Жалпы осы жеңісім ол бүкіл театрдың жеңісі. Еңбегімнің ақталғанына өте қуаныштымын. Жалпы, алдағы уақытқа жақсы жақсы жоспарлар бар.
РКС: Осы уақытта Асланбек драмалық, комедиялық спектакльдерде басты рөлдерді де, қосалқы рөлдерді де сомдаған. Көрерменге, әсіресе, Шекспирдің Ромео-Джулиеттасындағы Ромео, Отелласындағы Яго рөлдері арқылы таныс. Актердің оң жамбасына келген рөлдердің тағы бірі Ғабит Мүсіреповтың Қозы Көрпеш-Баян Сұлуындағы Жантық рөлі. Асланбектің айтуынша, актер сахнада күліп тұрып жылап, жылап жүріп күле ала біруге міндетті. Күндіз трагедиялық рөл сомдаса, кешке көрерменнің алдына жарқырап шыға білу маңызды.
СНХ: АСЛАНБЕК ШАЙСҰЛТАНОВ, Ш.ҚҰСАЙЫНОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚ МУЗЫКАЛЫҚ-ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ АКТЕРІ: Кәсіби актер болғандықтан дайындық кезінде оны бізде фиксировать ететін нәрсе бар миға. Және сондай моменттерде сен өзіңнің миыңда бір кнопканы баса қоясың да, дайындықта болған, бүкіл спектакльде ойналатын кездерді бәрін еске түсіресің де ойнап бастайсың.
РКС: Асланбек артынан ерген жастарға үлгі болып, керек кезде ақыл айтатын жанашыр. Жас болса да, қара шаңырақтағы алдыңғы саптағы актерлардың санатында. Мәдени ошақтың бетке ұстарына айналған актерге театр ұжымы үлкен үміт артады.
СНХ: НҰРИСЛАМ ӘБДІЛ, Ш.ҚҰСАЙЫНОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚ МУЗЫКАЛЫҚ-ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ЖЕТЕКШІСІ: Кешегі театр шымылдығы ашылған сәттегі біздің алғашқы буын ағалар тақыр жерден театр тұрғызған сахнагерлердің заңды мұрагерлері, заңды ізбасарлары ретінде біз осы Асланбектерді айта аламыз. Болашақ театрдың тізгіні, болашақ репертуардың тізгіні, болашақ көрерменнің рухани мүддесі біздің осы Асланбек Шайсұлтанның буынында, солардың буыныда. Сондықтан біз осы әріптестерімізге сәттілік тілейміз.
СНХ: АҚЖАН АЛЛАБЕРГЕНОВ, Ш.ҚҰСАЙЫНОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚ МУЗЫКАЛЫҚ-ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ АКТЕРІ: Ол кісі бұл жерде менің туған ағам сияқты болып кетті. Ең бірінші менің қатты ұнататыным ол кісі кішіпейіл, актер шеберлігі мықты болса да, сахнада керемет жұлдыз болып ойнап жүрсе де, былай өмірде өте кішіпейіл. Әрі бізге сабақ үйретіп жүреді. Бауырым мына жерін былай істеу керек, ана жерін былай істесек болады деп. Жәрдем беріп, көмпектесіп, ақыл ой қосып жүреді.
РКС: Асланбек Шайсұлтанов алдағы уақытта өнері арқылы облыстың, одан қалды Қазақстанның дамуына сүбелі үлес қосуды мақсат етеді.
ФАРИЗА АСЫЛБЕКОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ КӨКШЕ АҚПАРАТ