ДИКТОР: Күн сайын 30 мыңнан астам қазақстандық адам денсаулығына зиян келтіретін жұмыста еңбек етіп келеді. Олардың еңбегі ұзақ уақытқа дейін бағаланбай келгені жасырын емес. 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап белгілі бір жасқа және еңбек өтіліне жеткен азаматтар арнайы әлеуметтік төлемдер алуға өтініш бере алады.
РКС: Өткен аптада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істеген адамдар арнайы төлемге ие болатын заңға қол қойды. 55 жасқа толған және кемінде 7 жылдан кем емес міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеген азаматтарға жәрдемақылар тағайындалатын болады. Қызметкерді ауыр өндірістен басқа лауазымға ауыстыру немесе еңбек шартын бұзу маңызды тармаққа жатады.
СНХ: НӘЗИПА СӘЛІНГРЕЕВА, ОБЛЫСТЫҚ ЕҢБЕК ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Жұмыс берушілер мен қызметкерлердің қатысуымен кеңес өткіземіз. Біздің кеңестің мақсаты, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін Заңның нормаларын жариялау. Республика бойынша бізде 2024 жылы осы төлемді тағайындауға барлығы 37 мың адам бар. Біздің облыста бұл тізімге ене алатын 554 адам бар.
РКС: Степногорск тау-кен химия комбинатында зиянды еңбек жағдайында еңбек ететін жұмысшылардың саны өте көп. 250-ден астам жұмысшысы бар. "Алтынтау" тау-кен байыту комбинаты мен "Тыныс" зауытының кейбір қызметкерлері арнайы әлеуметтік төлемдерге үміткер бола алады.
СНХ: АЛЕКСАНДР ШАВРИН, "ТЫНЫС" АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ: Бізде зиянды өндірісте жұмыс істейтін қызметкерлеріміз бар. Олар құю өндірісі және гальваникалық цехтар. Бұл мамандықтар зиянды еңбек жағдайына жатады. Кеңесте зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін мамандардың жеңілдік мерзімдері бойынша зейнетке шығуы мәселесін көтереміз деп үміттенеміз. Біздің пікірімізге құлақ асып, үкімет бізді түсінеді деп сенеміз.
РКС: Департамент пен бірыңғай ұлттық зейнетақы қорының өкілдері жиналғандарға төлемдерді есептеу алгоритмін түсіндірді. Олар сондай-ақ арнайы жәрдемақылар ерікті екенін атап өтті.
СНХ: АЯШ КЕНШІНБАЕВА, БІРЫҢҒАЙ ЖИНАҚТАУШЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Қазіргі уақытта бұл міндет емес, құқық екеніне назар аударғым келеді. Өтініш сіздің шешіміңізбен беріліп, қолыңыз қойылады. Яғни, сіз төлемді алғыңыз келсе, алыңыз. Алғыңыз келмесе, зейнетке шыққанда ғана жалпы шарттар бойынша төлемге ие боласыз.
РКС: Әлеуметтік төлем 2 ең төменгі күнкөріс деңгейінен және зейнетақы жинақтарынан тұрады. Жәрдемақылар 55 жастан бастап зейнеткерлік жасқа дейін ай сайын төленіп тұрады.
МАҚПАЛ ЕРҒАЛИЕВА, ВАСИЛИЙ ПАВЛИДИ, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ КӨКШЕ АҚПАРАТ