ДИКТОР: Цифрлық таңбалауды және қадағалауды енгізу нәтижесінде ресми аяқ киім импорты 30 процентке өсті. Ал қосылған құнға салынатын салық және кедендік баждар түріндегі импорттық аяқ киім өнімдеріне төленген салық көлемі 38 процентке ұлғайтылды, деп хабарлады қаржы министрлігі.

РКС: Қазақстанда аяқ киім өнімдерін міндетті түрде таңбалау 2021 жылдың 1-қарашасынан бастап енгізілген. Сарапшылардың бағалауы бойынша, бұл көрсеткіш 48 процентке дейін жетеді. Жаңашылдық мақсаты аталмыш саладағы көлеңкелі бизнесті жою.

СНХ: АЛМАТ ЫСМАЙЫЛОВ, ҚР ТАУАРЛАРДЫ ТАҢБАЛАУ ЖӘНЕ ҚАДАҒАЛАУ БІРЫҢҒАЙ ОПЕРАТОРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Біз мемлекеттің технологиялық серіктесі ретінде таңбалау кәсіпкерлердің бизнес-процестеріне түсетін ауыртпалықты мүмкіндігінше азайттаындай етіп айналымға қатысушыларды бұл үрдіске оқытамыз. Атап айтқанда, кеңестер беріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, таңбалауды жүзеге асыруға көмектесеміз. Импорттаушылар немесе өндірушілер аяқ киімге цифрлық кодты жабыстырады. Болашақта бұл код арқылы өнімнің өндірушіден, импорттаушыдан тұтынушыға дейін бүкіл жолын қадағалауға болады. Тұтынушыға одан не пайда? «Нақты өнім» мобильді қосымшасы арқылы ол осы кодты сканерлеп, өнім туралы толық ақпаратты тегін ала алады

РКС: Еске сала кетейік, елімізде таңбалау және қадағалау жүйесі темекі мен аяқ киім саудасында қолданылады. Ал, дәрілік заттарды таңбалау және бақылау 2022 жылдың 1-шілдесінен бастап кезең-кезеңімен енгізілуде. Міндетті таңбалауға жататын тауар топтары таңдалғанда көлеңкелі экономика мен халық денсаулығына төнетін жоғары қауіп деңгейі де ескеріледі.

СНХ: ЕРЛАН ҚАРАБАЕВ, ЖОБА ЖЕТЕКШІСІ: Таңбалаудың қалай көрінеді? Яғни, тауар айналымының кез келген қатысушысы таңбалау жүйесінде тіркеліп, тиісті таңбалау кодын алып, электронды пошта арқылы жібереді. Қазақстан Республикасына әкелінуі жоспарланған аяқ киімге тапсырыс берген кезде жеткізушілерге пошта арқылы жіберу қажет. Өз кезегінде жеткізушілер бұл кодтарды басып шығарады, жүкті қалыптастыру кезінде қолданады және таңбаланған тауар Қазақстан Республикасының аумағына келеді.

РКС: Қазақстанда тауарларды таңбалау және қадағалау ережелері Еуразиялық экономикалық одақта тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалау туралы келісімі және Қазақстан Республикасының «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңы аясында 2019 жылдың көктемінде күшіне енген.

ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, АРДАҚ ТІЛЕУҚАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ