ДИКТОР: Қазақтың құт мекені саналатын Қорғалжын ауданы тұрғындарының саны 7 мыңнан асады. Биыл 10-нан астам көшеге орташа жол жөндеу жұмыстарын жүргізді. Аймақта жолдарды жөндеу мәселесімен қатар, ауыл шаруашылығы саласы да қарқынды дамыған. Биыл өндірілген өнім көлемі 12,9 млрд. теңге. 8 мың тоннаға жуық сүт өндіріліп, 100 тоннадан астам ет сатылды. Мал басы да артып келеді.

РКС: «Астана агропродукт» серіктестігі 2010 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Кәсіпорын толығымен неміс технологиясымен жабдықталған. «Бакара» жоғары сапалы бренді ет және шұжық өнімдерін шығарады. Кәсіпорын 2014 жылдан бастап Ресей нарығында жемісті жұмыс істеп келеді. «Халал» сертификатына ие болған серіктестік елімізде алғашқылардың бірі болып Иранға ет өнімдерін эскпорттады.

СНХ: СЕРІК РАҚЫМБАЕВ, «АСТАНА АГРОПРОДУКТ» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: В среднем күніне біз 150 бас соямыз. Айына 5 мың бас.

ИНТЕРШУМ: Облыс әкімі Марат Ахметжановтың “Астана агропродукт” серіктестігінің жұмысшысымен әңгімелесу барысы:

- Жұмыс ұнайды, тамағымыз тегін.

- Қанша аласыздар?

- 400 мың.

РКС: Өңірде денсаулық сақтау саласына ерекше көңіл бөлініп келеді. Жаңа ауруханалар салынып, заманауи жабдықтармен жарақтандырылуда. Десе де, Қорғалжын аудандық орталық ауруханасында медициналық құрал-жабдықтардың 80 проценттен астамы әбден тозған. Бүгінгі таңда денсаулық сақтау мекемесінде стоматолог, онколог және акушер-гинеколог сынды дәрігер тапшылығы туындап отыр. Сонымен қатар, жедел жәрдем көлігіне де мұқтаж. Келер жылы ауруханаға 370 миллион теңгеге жөндеу жұмыстары жүргізілмек.

СНХ: НҰРЛАН АҚЫЛБЕКОВ, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Ертең ремонт жасаған кезде операционныйға жаңадан стол қоямыз. УЗИ аппаратын қоямыз. Биыл 7 маман келді.

РКС: Қорғалжын ауданының спортшылары көптен күткен дене шынықтыру-сауықтыру кешені бой көтеруде. Жоба құны 921,8 миллион теңге. Бастапқы жұмысқа республикалық бюджеттен 400 миллион теңге бөлінді.

СНХ: МИРБОЛАТ РАҚЫМОВ, ҚОРҒАЛЖЫН АУДАНДЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ, ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ, АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ИНСПЕКЦИЯСЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: Берілген қаражатты біз толығымен игердік. Оған А және В блоктарын салдық. Келер жылы республикалық бюджеттен қосымша 427 миллион теңге бөлінді.

СНХ: АҚИЫҚ НОҒАЙ, МЕРДІГЕР: Бұйыртса келесі жылдың аяғына дейін бітіреміз. Биылғы жылдыққа металл конструкциясы, сэндвич панельдерін жауып боламыз. Келесі жылы толықтай бітіруге тырысамыз.

РКС: Жұмыс сапары соныңда облыс әкімі Марат Ахметжанов аудан тұрғындарымен кездесіп, онда өзекті мәселелер көтерілді. Аймақ басшысы жауапты сала мамандарына бірқатар тапсырма жүктеді.

ИНТЕРШУМ:

- Осы бүгінгі Қорғалжынның жағдайын айтып кеткім келеді. Өзіңізде айтып отырсыз Ақмола облысында ең төмен. Оның бірінші себебі, менің ойымша келімсек келген әкімдерден. Өйткені, келеді де мында тұрмайды. Семьясы Астанада, бала-шағасы Астанада. Конечно, баласы мұнда емделмегеннен кейін, баласы мұнда садикке бармағаннан кейін, мектепте оқымағаннан кейін, оған бәрібір, Қорғалжында не болып жатқаны.

- Берік Амантайұлы ертең семьяңызды көшіріңіз осында. Осы жерде тұратын болыңыз. Не болмаса арыз жазып, барыңыз.

ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ