ДИКТОР: Арман Ғаббасов саналы ғұмырын Отан қорғауға арнаған азамат. Көкшетаудың тумасы. Запастағы подполковник. Тәжік-Ауған шекарасында 1994-95 жылдары бітімгершілік қызмет атқарған. Қазір Арман жан жарымен 3 бала тәрбиелеп отыр.
РКС: Арман Ғаббасов орта мектепті бітірген соң есепші мамандығы бойынша білім алды. Дәл сол жылы ол әскер қатарына шақырылды.
СНХ: АРМАН ҒАББАСОВ, ТӘЖІК-АУҒАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРІ: Мен қызметімді Шымкент қаласындағы сол кездегі 5485-әскери бөлімде өтедім. Бұл – ерекше қызмет, моторландырылған полиция бөлімшелері. Міндетті әскери борышымды өтеу кезінде Үкіметтіңғ тұғ,ыш Президенттің шешімімен Тәжік-Ауған шекарасына ұрыс жүріп жатқан төтенше жағдай аймағына жіберілдім.
РКС: Миссия кезінде жасақ командирі болып тағайындалды. Арман Ғаббасовтың айтуынша, олар екі ел арасындағы шиеленіс ошағындағы позицияларды нығайту үшін Тәжікстанға жіберілген. Қазақ батальонының құрамында 500 адам болған. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының өзге елдері де қатысты. Бітімгершілердің міндеті Ауғанстан тарапынан өтуге, есірткі тасымалына, адамдар мен қару-жарақ сатуға жол бермеу, жолдарда құжаттарды тексеру болды.
СНХ: АРМАН ҒАББАСОВ, ТӘЖІК-АУҒАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРІ: Бітімгершілік іс-әрекет әралуан болады. Бейбіт және соғыс уақытында да жасауға болады. Біздің кезімізде сол жаққа жіберерде бәле көршілеріңе келген кезде шетте қалмау керек деп айтты. Сондықтан әрқайсымыз бауырлас Республикаға көмекке баруды жөн санадық. Тәжікстаннан кейін сәуір айында Шымкенттегі 5485 әскери бөлімшеге қайта оралдым. 1995 жылы міндетті әскери борышымды өтеп, туған жеріме оралдым.
РКС: Елге оралған соң Арман Қайырсанұлы ішкі істер органдарына қызметке қабылданып, онда 20 жыл еңбек етті. Одан соң 2015 жылы келісім-шартқа отырып, Ұлттық Ұланда әскери қызметін жалғастырды. Сол жерден зейнетке шықты.
АЙЫМГҮЛ НАЗАРОВА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ