ДИКТОР: Сарыарқа шағын ауданындағы өзекті мәселелер биыл толық шешімін табуы тиіс. Бұл туралы аймақ басшысы Марат Ахметжанов мәлімдеді. Өңір басшысы құрылысы ұзаққа созылған нысандарды аралап, облыс орталығындағы теміржол вокзалын қайта жаңғырту жобасымен танысты. Сондай-ақ, жол құрылысы, электр желілері мен қаланы абаттандыруға қатысты нақты тапсырмалар берді.

РКС: Көкшетау қаласында 2020 жылдан бері көпқабатты 11 тұрғын үйдің құрылысы әлі аяқталмаған. Шешімін таппаған, проблемалық нысандар жобалардың толық әзірленбеуі себебінен «сақалды құрылысқа» айналған. Қажетті түзетулер енгізілген соң, жалпы аумағы 56 мың шаршы метрден асатын 800-ден астам пәтердің құрылысын аяқтауға жергілікті бюджеттен шамамен 3 миллиард теңге қажет. Қазір бұл нысандардың дайындық деңгейі әртүрлі болғандықтан, әрқайсысы жеке қарастырылатын болады.

ИНТЕРШУМ:

СНХ: БАҚЫТ ӘБДІЛМӘУЛЕНОВ, МЕРДІГЕР ҰЙЫМНЫҢ БАСШЫСЫ: 20-пәтерлі үй. Бұл үйдің құрылысы 2021 жылы басталған. Енді әртүрлі себептер болды. Финансирование жетіспеді. Бөлінбей қалды. 100 пайыз іші жасауға дайын. Бүкіл жылуын да кіргізіп қойдық, электр қуатын да қосып қойдық. Әрлеу жұмыстары бар. Сыртқы жұмыстарын бітіріп, биыл береміз деген ниет жасап отырмыз. Қазір благоустройство қалай болады, біз тапсырамыз осы жылдың 4-ші тоқсанда.

РКС: Аймақ басшысының басты тапсырмасы – құрылыс жұмыстарын биыл толық аяқтау. Ол үшін енді барлық нысан күнделікті бақылауға алынбақ. Жұмыс сапары аясында Марат Ахметжанов облыс орталығындағы теміржол вокзалы алаңын да аралады. Айта кетейік, өңірде 16 теміржол вокзалын жөндеу жоспарланған. Басты талап – ғимараттардың сәулеттік тұтастығын сақтау.

СНХ: ВЛАДИМИР КУЛАКОВ , ОБЛЫСТЫҚ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Ең үлкен жобалар бізде Көкшетау, Бурабай, Макинск, Атбасар – үлкен вокзалдар жасалатын болады. Қалғандары кішіректеу. Олар уже 600 квадратка дейін салынатын болады. Бүгінгі таңда екі мердігер аңықталды.

РКС: Вокзалдардың «тұтастай» қайта жаңғыртылуын биыл бастап, жыл соңына дейін аяқтау жоспарлануда. Сондай-ақ, вокзал алаңдары біртұтас стильде безендіріледі. Аймақ басшысы құрылыс жұмыстары аяқталғанша тұрғындар мен облыс қонақтарына ыңғайлы және қауіпсіз жолмен пойыздарға жету мүмкіндігін қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті. Марат Ахметжанов қуаттылығы тәулігіне 30 мың текше метр су тазарту қондырғыларының құрылысымен танысты. Мұндағы зертхана ғимаратының құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталып, қажетті жабдықтар жеткізілген. Биыл жобаны аяқтауға облыс бюджетінен 800 млн теңгеден астам қаржы бөлінді.

СНХ: АҚЖОЛ ҚЫЛЫШБАЕВ – КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Жобаны аяқтау мерзімі 1-ші маусымға дейін белгіленген. Қазір мердігер ұйымның кінәсінен іске қосу бойынша бірқатар қауіп бар. Облыс әкімі бұл нысанды маусым айының соңына дейін толық аяқтауды тапсырды. Яғни, пусконаладка жұмыстарын аяқтап, таза суды тұрғындарға жеткізу керек.

РКС: Жаңа тазарту қондырғыларының іске қосылуы қала тұрғындарының су қажеттіліктерін толық қамтамасыз етпек. Су Шағалалы су қоймасынан алынатын болады. Өңір басшысы мердігер ұйымға жұмысты жеделдетуді тапсырды. Енді бұл нысан белгіленген мерзімде тапсырылуы тиіс. Жергілікті билік жұмысшылар саны мен жоспардың орындалуын қатаң бақылауға алды.

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ