ДИКТОР: Атбасар ауданында 16 мәдениет ошағы бар. Биыл Новосельское ауылында мәдениет үйі күрделі жөндеуден өтті. Аудан орталығындағы Ақан Құрманов атындағы мәдениет үйі де қайта жаңартылды. Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Шуйское ауылында мәдениет үйі пайдалануға берілді.

РКС: Шуйское ауылы соңғы бірнеше жылда адам танымастай болып өзгерді. Оқтай түзу көшелер, жаңа үлгідегі салынған тұрғын үйлермен, жабық спорт кешенінің қатарына заманауи мәдениет үйі қосылды. Оның ашылу салтанатында аудан әкімі Аманбек Қалжанов ғимаратты қайта жаңартып 370 миллион теңге қаржы жұмсаған. «Шуйское - 21" серіктестігінің бас директоры Алтынбек Құрманқұловқа жерлестерінің ақ алғысын жеткізді. Мұндай қайырымды іс өзге де кәсіпкерлерге үлгі болуға, - тиіс деді. Тәуелсіздік мерекесінің қарсанында есігін айқара ашқан мәдениет ошағына жұртшылық қуана жиналып, өнерпаздардың концертіне қошеметпен қол соқты.

ИНТЕРШУМ: КОНЦЕРТТЕН ҮЗІНДІ

РКС: Қаладан қалыс қалмай тіршілік жасап жатқан ауыл тұрғындарының қуанышында шек жоқ.

СНХ: ОЛЬГА КАЧЕРГИНА, МҰҒАЛІМ: Мен Шуйское ауылының тұрғыны екенімді мақтан тұтамын. Ауылымыз кезкелген қаладан кем емес. Әлеуметтік-тұрмыстық нысандар тоқтаусыз жұмыс істеп тұр. Енді міне, заманауи мәдениет үйі ашылды. Оған аямай қаржы құйған жұмыс беруші Алтынбек Құрманқұловқа алғысымыз шексіз.

СНХ: АЖАР ҚАЖЫМҰРАТОВА, МӘДЕНИЕТ ҮЙІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ: Толығымен қайта жаңартылып салынған мәдениет үйінде екі би ұжымы істейді. Кең де жарық көрермендер залына су жаңа орындықтар қойылды. Музыкалық аспаптар сатып алынды. Жақында кинотеарт қондырғысы әкелінеді. Біздің мәдениет үйінде облыстық, аудандық деңгейдегі ән, би байқаулары өтетін болады. Аудандық бюджеттен хореогроф және дыбыс операторы штаттары бөлінді.

РКС: Тәуелсіздік тойы алдында Шуйское ауылында ашылған мәдениет үйінде шырқалған әсем ән мен тәтті күйдің жалғаса берері сөзсіз.

ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ