ДИКТОР: "Желтоқсан" біздің тарихымызда ойып түрып орын алған оқиғалардың бірі. Тәуелсіздікті аңсап, алаңға шыққан 1986 жылғы Желтоқсаншылар «Арайлы таң, нұрлы болашақ» атты дөңгелек үстел ұйымдастырып жастармен кездесті. Олар желтоқсан құрбандарын еске алып, келешек жастарды Отанды сүйіп, патриот болуға шақырды.

РКС: Тәуелсіздікті, азаттықты аңсап, алаңға барғандардың қатарында Көкшетаулықтарда болды. Солардың бірі Дәуренбек Жарылғасов. Ол қазіргі таңда Ақмола облысындағы "Желтоқсан - 1986" қоғамдық ұйымының төрағасы.

СНХ: ДӘУРЕНБЕК ЖАРЫЛҒАСОВ, «ЖЕЛТОҚСАН - 1986» ҚОҒАМДЫҚ ҰЙЫМЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: 86 жылы Желтоқсан оқиғасы Алматыда орын алып жатқанын біліп, жас жігіттер, жас қыздарға дейін қатысты. 17 облыстың ішіндегі 7 қала қатысты. Соның ішінде кішкентай қана Көкшетау қаласының жастары бой көтеріп, Алматыда болып жатқан оқиғаны қолдап патриотттық сезіміздің болғанына қуаныштымын. Осы мынау Көкшетауда бұрыш ашты. Осы ашылған Желтоқсан 1986 ұйымымыз өз жемісін беріп жатыр.

РКС: 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы кезінде алаңға шыққан студенттер бүгінде ел ағалары. Рухты жастардың алаңға шыққанын көргендердің бірі – Нұрбибі Жәмішқызы. Оның санасында 1986 жылдың желтоқсаны өшпес ызғарлы із қалдырған.

СНХ: НҰРБИБІ ЖӘМІШҚЫЗЫ, ЖЕЛТОҚСАН ОҚИҒАСЫНЫҢ КУӘГЕРІ: Біздің 1 курсымыз есімізде қайғылы оқиғамен қалды. Бұл енді елімізді түбегейлі өзгерткен ,тәуелсіздікке алып келген алғашқы қадам еді. Қазақ жастары осылай басын көтермегенде, қазақ жастары өз ойларын айтпағанда еліміздің жағдайы қандай болатынын ешкім де білмейді. Желтоқсан оқиғасына қатысқандар біздің тәуелсіздігімізді алып берген батырлар деп есептеймін. Қызғалдақтай қаны бар ерте кеткен Қайрат, Ләззаттар көп қиындық көрді.

РКС: Бүгінде бірлестіктің мақсаты желтоқсан оқиғасының құрбандарын мәңгі есте сақтау және олардың аңсап қол жеткізіп кеткен тәуелсіздік тұғырын биік ұстау. Жастарды Отан алдында адал болуға тәрбиелеу.

АЙЫМГҮЛ НАЗАРОВА, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ,КӨКШЕ АҚПАРАТ