ДИКТОР: Келер жылы Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 35 жыл толады. Тәуелсіздік күні қарсаңында жауынгерлік іс-қимылдардың қатысушыларына арналған облыстық конференция ұйымдастырылды. Облыстың түкпір-түкпірінен келген интернационалист-жауынгерлердің өкілдері ауған соғысына қатысқан жауынгерлерді еске алу мемориалына гүл шоқтарын қойып, өзекті мәселелерді талқылады.
РКС: 1979-1989 жылдар аралығында КСРО елдерінен 22 мыңға жуық сарбаз Ауғанстандағы қарулы қақтығысқа қатысты. Қазір өңірде майданда болған 1 мыңнан астам адам тұрады. Ардагерлер жыл сайын қаланың ортасында орналасқан ескерткішке гүл шоқтарын қойып, сұрапыл соғыста қаза тапқан 88 жауынгерді еске алады.
ИНТЕРШУМ: гүлшоқтарын қою рәсімі
РКС: Ауғанстанға барғандардың арасында нәзік жандылар да болды. Гүлнәр Мақышева майдандағы медициналық корпуста 3 жыл жұмыс істеген. Бұл конференцияға қатысып, ардагерлерді әлеуметтік қолдау тақырыптарын, соның ішінде әлеуметтік тұрғын үй мәселесін көтерді.
СНХ: ГҮЛНӘР МАҚЫШЕВА, АУҒАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРІ: Әрине, қиын болды. Көкшетаудан Ташкентке келген беттен қиналдым. Сол жердегі жағдайды көріп таң қалдым. Бүгінгі конференцияға баспана мәселесін көтеру үшін келдім. Әлі пәтерге кезекте тұрмын. Келесі жылы майдагерлерді шығарудың 35 жылдығы болады. Осы уақытқа дейін үй алған жоқпын. Жалғыз мен ғана емес, басқалары да ала алмай жүр.
РКС: Сондай-ақ , зейнетақы өзекті мәселе болып отыр. Ауғанстанға алғашқылардың бірі болып барған сарбаздар зейнеткерлік жасқа жетті. Алайда, Еңбек және жауынгерлік еңбек өтілін есептеуде проблемалар бар. Қорғаныс істері департаментінің өкілдері бұл бағыттағы жұмыс әрбір жауынгер-интернационалистпен жеке жүргізілетінін атап өтті.
СНХ: ҚАНАТ БРАЛИН, АУҒАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРІ: Бүгін әскери комитет әркімге жеке-жеке түсіндірді. Мұрағаттық анықтамалар сұралады. Бірақ рәсімнің өзі тек Ақмола облысының ғана емес, бүкіл республиканың проблемасы. Бұл мәселе енді сезіліп жатыр. Осы тақырыптарды көтеру үшін конференция өткізіледі. Бүгінгі таңда ауған соғысының ардагерлері үшін шешімі қажет сұрақтар бар. Біздің қатарымыз жыл сайын азайып келеді. Облыс бойынша барлығы 1000-ға жуық адам қалды.
РКС: Іс-шараға облыстың 10 ауданынан ардагерлер қоғамының өкілдері қатысты. Дөңгелек үстел аясында білім, денсаулық сақтау басқармасының өкілдері де өзекті тақырыптар бойынша сөз сөйледі. Сондай-ақ, ардагерлер Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылуының 35 жылдығына арналған болашақ іс-шаралардың барысын талқылады.
СӘНИЯ ЖАҢБЫРШЫ, ВАСИЛИЙ ПАВЛИДИ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, АЛМАС САДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ