ДИКТОР: Тәуелсіздік мерекесіне орай облыс аумағында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда. Оның мән-мағынасын балабақшадан бастап балаларға үйрету қажет. Осы орайда облыс орталығындағы «Достық» балабақшасының қызметкерлері ерекше зияткерлік ойынын өткізуді ойластырыпты. «Бестемше» ойынында олар өзара мықтыны анықтады.

РКС: Шара Тәуелсіздік күні қарсаңында ұйымдастырылған. Ұлттық зияткерлік ойынында 10-нан астам команда бас сынады. Өскелең ұрпаққа білім мен тәрбие берудегі басты міндеттің бірі – ұлтжанды, елін сүйетін, халық дәстүрін құрметтейтін азамат тәрбиелеу. Ал ұлттық құндылықтарды ұрпақ бойына сіңірудің бірден-бір жолы – халқымыздың бай мұрасын, оның ішінде ұлттық ойындарды насихаттау.

ИНТЕРШУМ

РКС: Әне-міне дегенше сайыс та басталып кетті. Екі адамнан құралған команда өзара мықтыны анықтауда. Айта кетейік, «Бестемше» тоғызқұмалақтың жеңіл түрі. Яғни ережелері өте қарапайым.

СНХ: РАУШАН ЖАҚЫПОВА, "ДОСТЫҚ" БАЛАБАҚШАСЫНЫҢ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ САБАҒЫНАН НҰСҚАУШЫСЫ: "Бестемше" - тоғызқұмалақ шағын ойыны. Интеллектуалды болып табылады. Киіз үй түріндегі арнайы тақтада ойналады. Бүгінде бірнеше түрі бар. Бұл ойын тақтасындағы "Бестемше", асық және аландағы бестемше.

РКС: Бұл ойын адамның логикалық ой-өрісін дамытуға, шапшаңдық пен ептілікке тәрбиелейді. Әсіресе балалар үшін пайдасы зор.

СНХ: РЫМҚҰЛ ӘЛЖАНОВА, "ДОСТЫҚ" БАЛАБАҚШАСЫНЫҢ ӘДІСКЕРІ: Бестемшені неліктен таңдап алдық? Өйткені биылғы жылы осы көп, нақты тоқталып жатқан бестемше ойыны. Баланың интеллектуалды жағынан дамуы, тәрбиешілердің тарапынан да осындай ойынды ұйымдастырайық деп шештік. Балаларға да, үлкендерге де ойлау қабілетін, есте сақтау қабілетін, зейн дамытатын ойынның бірі. Балалар әр топта жас ерекшелігіне сәйкес осы бестемше ойыны түрлі бағытта ойнатылады.

РКС:Үздік үштікке кірген командалар арнайы Грамотамен және медальдармен марапатталды.

САМАЛ ЫСҚАҚОВА, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ КӨКШЕ АҚПАРАТ