ДИКТОР: Ел мақтанышы, «Үздік бапкер» медалінің иегері Жұман Мұғжановтың 50 жасқа толуына орай қазақша күрестен ашық турнир өтті. Спорттық шараға облыстың түкпір-түкпірінен келген 100-ден астам балуан қатысты.
РКС: Мерейтойлық турнирде 2007-2012 жылдары туған жасөспірімдер бақ сынасты. Спорттық шараға 26 мен 85 келі салмақ дәрежесіндегі балғын спортшылар іріктелген болатын.
СНХ: АМАНГЕЛДІ НҰРДӘУЛЕТ, БАЛУАН: Бірлестік ауылында туып өскем. Осы турнирде бірінші орын алып тұрмын. Қазір Петропавл қаласында спорт мектебінде оқимын. Осы жарыста 60 кг арасында күресіп,3 схватка істедім, үшеуінде де жеңіске жеттім.
РКС: Қазақ күресінен бір елі ажырамаған Жұман Кеңесұлы 20 жылда біраз шыңды бағындырған. Еңбегі ескерусіз қалған жоқ. «Үздік бапкер», Қазақстандық спорт, туризм және жауынгерлік «САМБО» федерациясының медалімен марапатталған. Қазіргі таңда, Бірлестік ауылының 60-қа жуық ұл-қызын спорттың осы түріне баулып жүр.
СНХ: ЖҰМАН МҰҒЖАНОВ, БІРЛЕСТІК АУЫЛЫНЫҢ ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ: 3 сыныпта, ағам осы күреске алып келді. Ол кезде бізде Бейсенбаев Қайыргелді жаттықтырушы болды. Оқып жүріп, спорт шебері болдым. Облыстық, республикалық жарыстарда чемпион жүлдегері болдым. Бүгін міне Бірлестік ауылында қазақ күресінен ашық турнир болып жатыр. Осы жарысқа 10-нан артық команда келіп отыр,100- ден артық балуандар қатысып отыр. Күннің суығына қарамай, жақсы жарыс өтіп жатыр. Келешекте чемпиондар шығады деген үміттемін. Осы турнирімізде қыздар да күреседі.
РКС: Ұстаздан шәкірт озса, нұр. Бапкердің тәрбиесімен, ақыл-кеңесімен сусындаған шәкірттің бірі – Медет Сағындықов. Ол Жұман Мұғжановтың еңбегін ақтап, Әлем кубогының жеңімпазы, Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанып, ел мақтанышына айналды.
СНХ: МЕДЕТ САҒЫНДЫҚОВ, БАЛУАН: Мұғжанов ағай өзіміздің бапкеріміз, ағамыз, жерлесіміз. Кішкентай кезімізден соның қолында өстік. Сол кісінің арқасында чемпион болдық. Бізде Халықаралық дәрежедегі екі кісі бар, Ол Әсет Сағындықов және мен. Спорт шеберінің балалары бар. Ол кісіге алғысымыз шексіз.
РКС: Турнирге бұрымды балуандар да қатысты. Қыздар арасында турнир екі салмақ дәрежесінде өтті. Соның ішінде 48 келі салмақ дәрежесінде күрескен Ақсұңқар Сәдетхан бірінші орынды иеленді.
СӘНИЯ ЖАҢБЫРШЫ, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ