ДИКТОР: Өңірге келген қытымыр аяз біраз қиындық тудырды. Әсіресе, жүргізушілерге оңай емес. Дизельді көліктерге арналған жол жабылды, ал полицейлер тұрғылықты жері жоқ адамдарға көмек көрсету шараларын күшейтті.
РКС: Полицейлер тұрғылықты мекенжайы жоқ адамдар көп шоғырланған жерлерді тексереді. Олар, жылу жолдары, құдықтар, жертөлелер, тұрғын үйлердің шатырлары, құрылысы жүріп жатқан және қараусыз қалған нысандар. Тәртіп сақшылары осы санаттағы адамдарды полиция басқармасының қабылдап-тарату орнына жеткізеді. Соңғы үш күннің өзінде мұнда 30 жуық адам орналастырылыпты.
СНХ: АЙБЕК БАЙМҰРАТОВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ҚАБЫЛДАП-ТАРАТУ ОРНЫНЫҢ БАСТЫҒЫ: Оларға медициналық көмек, құжаттандыру бойынша көмек көрсетіледі. Бұл процедура жазатайым оқиғалардың , аяздың алдын алу үшін жүзеге асырылады.
ДИЗЕЛЬМЕН ЖҮРЕТІН АВТОБУСТАР МЕН КӨЛІКТЕР ҮШІН ЖОЛДАР ЖАБЫЛДЫ
РКС: Еліміздің 7 облысында дизельмен жүретін автобустар мен көліктер үшін жолдар жабылғаны белгілі болды. 47 учаскеде қозғасқа шектеу қойылды. Мәселен, Щучинск қаласында автомобиль жүргізушілері көліктеріне дизель құя алмапты. Қатты аяздың салдарынан жанар-жағармай шлангтың ішінде қатып қалған.
СНХ: СӘБИТ МҰҚАН, БУРАБАЙ АУДАНДЫҚ КӘСІПКЕРЛІК, ӨНЕРКӘСІП ЖӘНЕ ТУРИЗМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: "Qazaq Oil" басшылығымен жүргізген келіссөздер барысында бұл дизель отыны жазғы екендігі, сондай-ақ, -10 градусқа дейінгі температураға төтеп беретіні анықталды. Ал далада -38 градус аяз болған. Бұл туралы ақпарат жарияланған кезде жанармай құю станциясында-25 градусқа дейінгі температураға төтеп беретін дизель отыны болғанын хабарлаймыз. Бүгінгі таңда барлығы штаттық режимде жұмыс істейді, клиенттерден ешқандай шағымдар түскен жоқ.
РКС: Облыс орталығының кейбір тұрғындары қала ішінде қатынаудан қиындық көріп жүр. Қытымыр аяздың салдарынан автобустар жүрмейді, ал такси жүргізушілері бағаны тым шарықтатып жіберген.
САМАЛ ЫСҚАҚОВА, ЗАРИНА БЕКҚАЛИЕВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, АЛМАС САДВАКАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.