ДИКТОР: 16-17 желтоқсан – қандай күн екенін бәрі біледі. Бірақ, Қазақстанның тәуелсіздігі күні деп жарияланған мереке күні 1986 жылы орын алған тарихи оқиғалармен ұштасады. Қазақстан жастарының егемендік үшін күресте азаматтық ұстанымын көрсетудегі алғашқы әрекеттері «Желтоқсан» деген атау алған. Сол оқиғалардың қатысушылары, елдің түкпір-түкпірінен "Желтоқсан-1986" қоғамдық қорын ашу үшін арнайы келді.

РКС: 1986 жылғы желтоқсанда Алматыда болған оқиғалар қазақстандық қоғамдық пікірдің қалыптасуына үлкен әсер етті. Сол оқиғаларға қатысқандардың дені студенттер еді. Қазір олардың көбі қоғамда құрметті тұлғалар. Ақмола облысында сол оқиғаға құрмет ретінде "Желтоқсан-1986" қоғамдық бірлестігі құрылды.

СНХ: ЖАБАЛ ЕРҒАЛИЕВ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ: 1986 жылғы ұлт азаттық көтерілісі ұмытылмайды одан кейін Кенесары ханның орыс патшалыына қарсы ұлт азаттық көтерілісі тарихтағы ол да ұмытылмайды 1986 жылғы Алматыда, қазақстанның өзгеде облыс орталықтарында өткен ұлт азаттық көтерілістері ол да тарихтың беттеріне алтын әріптермен жазылары хақ. Ең бірінші сіздерге сау-сәттілік тілеймін, еліміз аман болсын.

РКС: Алматы оқиғаларына куә болған адамдардан басқа, салтанатты жиынға қоғам қайраткерлері де қатысты. Олар қатысушыларға Қазақстан халқының алдындағы батылдығы мен адалдығы үшін алғыстарын білдірді.

СНХ: ЕРМЕК НҰҒЫМАНОВ, «ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ МЕКЕМЕНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Желтоқсан оқиғаларына арналған өлеңдер бар. Сол күнді бәріміз есімізде сақтаймыз, ол біздің жүрегімізде қалады. Енді бізде осы оқиғаларға арналған қоғамдық бірлестік ашылуда. Біз қазір осының арқасында азаматтық қоғамда өмір сүріп жатырмыз!

РКС: Жиналғандар үшін патриотизм тақырыбында поэтикалық және әуендік қойылымдар ұйымдастырылды. Сондай-ақ, Желтоқсан оқиғасына қатысушылар облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының атынан естелік наградаларға ие болды.

ИНТЕРШУМ: марапаттау

САМАЛ ЫСҚАҚОВА, ВАСИЛИЙ ПАВЛИДИ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЁВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ