ДИКТОР: Дыбыстан электр энергиясын өндіретін құрылғы. Мұндай дүниені Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Айша Аманбай ойлап тапты. Туындының маңызы зор. Ол әлемдегі энергетика мәселесін шешуге септігін тигізуі мүмкін.
РКС: Бұл – жергілікті оқушының қиялынан туылған заманауи туынды. Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Айша Аманбай жасап шығарды. Бұрымды осы жоба арқылы энергетикалық проблеманы дыбыс арқылы алу жолдарын қарастырып көрсетуге тырысқан.
СНХ:АЙША АМАНБАЙ, НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНІҢ ОҚУШЫСЫ: Баламалы энергияны табуды жобама арқау еттім. Себебі, қазіргі уақытта энергияның жетіспеушілігіне қатысты үлкен проблема бар. Тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлем бойынша. Қазақстанға баламалы энергия қажет деп санаймын. Менің жобам шын мәнінде іс жүзінде жүзеге асыруға болатындығымен ерекшеленеді деп санаймын. Себебі, бұл үшін барлық қажетті компонент бар.
РКС: Заманауи техниканың тағы бір артықшылығын айтайық. Ол қарапайым элементтерден тұрады. Атап айтқанда, PS динамигі. Ол барлық тербелісті ұстап, электр энергиясына айналдыру үшін қажет. Конденсаторлар энергияны үнемдейді. Ал резисторлар энергияны басқарады.
СНХ: ЖАНҒОЗЫ ОҢҒАРБАЙ, НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНІҢ МҰҒАЛІМІ: Бір сөзбен айтқанда дыбыс сигналдарын электр сигналдарына түрлендіреді. Жобаны жасау барысында Айша өзінің идеясын айтып, сол бойынша ақылдастық. Қандай схемалар, қандай элементтер қолдану арқылы? Соған көмектестім. Бұл әлі үлкен жобаның масштабы емес. Прототипі. Шағын микросхемалармен, шағын элементтермен дыбыс энергиясын электрге түрлендіруге көрсеттік. Ендігі ары қарайжобаны дамытудың басты мақсаттарының бірі – үлкен масштабта қолдану жағын қарастырсақ деп ойлап отырмыз..
РКС: Айшаның арманы асқақ. Болашақта ол жобасын одан әрі жетілдірмекші. Осылайша, құрылғы шулы жерлерде қойылса, электр энергиясын алуға болады. Жалпы, Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары түрлі байқауларға қатысып, өз жобаларын ұсынып жүр. Идеялары көп. Мәселен, былтыр бір оқушы теміржол тербелістерінен электр алу құрылғысын жасапты.
САМАЛ ЫСҚАҚОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ