ДИКТОР: Көкшетаулықтар қала көшелеріндегі қардың дұрыс тазаланбай, қозғалысты қиындатқанына наразы. Қар тазалау жұмысы шеткі шағын аудандарды есептемегенде, орталық көшелердің өзінде ақсап тұр. Әріптесім Лаура Дәулетбек баяндайды.
STAND-UP: ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ТІЛШІ: Бұл облыс орталығының Назарбаев даңғылы. Байқап тұрғандарыңыздай, жол жиегі мен жаяу жүргіншілер жолы үйінді қардың астында қалды. Соның салдарынан мұнда орналасқан тұрғын үйлерге кіріп-шығудың өзі қиындай түскен.
БЛИЦ-ОПРОС:
- Таңертен қар осылай жатты. Өте қиын. Бұлар бұл жерді ешқашан тазаламайды. Анау жолдары гололед болғанда, мынау жер воообще. Біз қай жаққа барарымызды білмей, то ана жаққа, то мына жаққа, то машинаның жолдарымен жүруге тура келді. Өйткені, осылай міне тазаланбайды. Мен конечно өзім ойлаймын иногда қандай мына біздің тазалық деген бар ғой. Вообще масқара қиын. Жер қарада мен мына жерде 5-ақ минут жүремін мына остановкадан. Ал бүгін 15-20 минутта әзер жеттім.
- Дороги у нас чистятся плохо. Не посыпаются песком тротуары. Подъездные части и остановки так же не чистятся. Вот гололед был остановки все во льду. Это присутствует у нас плохая работа. – За сегодняшний день вы видели, что работы проводятся? – Нет. Не видно. Вот было, что немного трактор проходил, какую-то часть чистил. Сейчас этого нет.
РКС: Көкшеліктер талабымыз тазалыққа жауап беретін сала басшылығының құлағына жетсе,-дейді. Қарапайым халық толассыз жауған қарды уақытылы тазартуға жауапты мамандардың асықпай отырғанына наразы. Алайда, таңнан бері қалалық әкімшіліктің өзін қардан тазалауға 10 жұмысшы мен 2 техника жұмылдырылып отыр.
СНХ: РУСЛАН ТӨЛЕГЕНОВ, ҚАЛАЛЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ, ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ, АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ИНСПЕКЦИЯСЫ БӨЛІМІНІҢ СЕКТОР МЕҢГЕРУШІСІ: Қар тазалау жұмыстарын қаланың орталығынан бастаймыз. Себебі, бұл жақта адамдар көп жүреді. Алдымен алаңдарды, әкімшілік ғимараттардығ маңын тазалап, содан кейін кезекпен басқа көшелерге көшеміз. Барлық шағын аудандарда жұмыс істейміз. Ешкім назардан тыс қалмайды. Қаланың көшесін, алаңын, аумағын қыс мезгілінде күтіп ұстау мақсатында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі тиісті конкурс өткізіп, мердігерді анықтады. Бұл «Көкше тазалық» және «Зерен плюс 2006» серіктестіктері. «Бұқпа» орман шаруашылығымен келісім жасалды. Әзірге Щучинскіге қарай баратын жолда қар шығаратын 1 полигонның орнын анықтадық.
STAND-UP: ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ТІЛШІ: Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің айтуынша, қар тазалау күндіз де, түнде де демалыссыз жүргізіліп жатқанымен, техникалар үлгере алар емес. Жалпы бұл жұмысқа 40 техника мен 100 жұмысшы тартылған. Ал, бюджеттен 1 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді.
ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ