ДИКТОР: Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі - халыққа жаппай тең жоғары технологиялық, қымбат медициналық қызмет көрсету. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға қол жеткізу үшін және медициналық көмек алу үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға тұрақты және уақтылы жарналар мен аударымдар барлығы үшін міндетті. Бүгінгі таңда облыста 145 мыңнан астам адам міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қосылмаған.

РКС: Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың негізгі төлеушілері - тұрғындардың экономикалық белсенді бөлігі. Өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар жарналарды ай сайын немесе бір жылға алдын ала төлей алады. Жалдамалы қызметкерлер үшін аударымдарды жұмыс берушілер жүргізеді. Кәсіпкер Светлана Серікованың айтуынша, оның бизнесті жүргізудегі басты мәселелердің бірі кадрлардың ресми түрде жұмысқа орналасудан бас тартуы.

СНХ: СВЕТЛАНА СЕРІКОВА, КӘСІПКЕР: Кәсіпкерлердің жұмысындағы негізгі түйіткілді мәселе кадр тапшылығы. Екінші ол келген жұмысшылар ресми түрде тіркеліп жұмыс істеуден бас тартуы. Дәл осы монша кешенінде 10 жұмысшы әр түрлі себептерге байланысты жұмысқа ресми түрде орналасқылары келмейді. Сондықтан біз әлеуметтік пакетті өзіміз төлейміз деген қорытындыға келдік. Жұмыс беруші төлеуге тиіс аударымдарды да. қызметкердің өзі төлеуге тиіс төлемдерді де өзіміз жасаймыз. Енді міне, кәсіпорын іске қосылғалы бері үздіксіз 6 жылдан бері әлеуметтік пакет біз төлеп келеміз.

РКС: Тұрғындардың сақтандырылмауының басты себебі - міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру төлемдеріне жауапсыз қарау және жұмыс берушілермен еңбек шарттарының болмауы. Сондықтан жалдамалы қызметкерлер бизнестің жоғары әлеуметтік жауапкершілігі бар жұмыс орындарын жоғары бағалайды.

СНХ: АНАСТАСИЯ СИДОРОВА, ҚОНАҚ ҮЙ-МОНША КЕШЕНІНІҢ ӘКІМШІСІ: Бұл жерде мен бірнеше ай жұмыс істеп келемін. Маған кешенде жұмыс істеу өте ыңғайлы. Себебі, жалақыдан ешқандай әлеуметтік төлемдерге ақша кетпейді. Компания әлеуметтік пакетті толығымен төлейді. Маған бұл жерде жұмыс істеу ұнайды.

СНХ: ШАНХИ ГОЛУБЕВА, "ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫ" ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: Бүгінде де облыста тұрғындардың шамамен 81 проценті сақтандырылған. Демек міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне тіркелмегендер әлі де бар. Бұл, әрине, олардың медициналық көмексіз қалады дегенді білдірмейді. Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі бойынша сақтандырылған және сақтандырылмаған азаматтарға көмек көрсетіледі. Дегенмен медициналық тұрғыдан сақтандырылған жөн. Мүмкіндігінше көп адамның сақтандырылғанын қалаймыз.

РКС: Мемлекеттік кірістер органдары жарналардың уақтылы және толық аударылуына бақылау жүргізеді. Медициналық және дәрілік көмекке қолжетімділікті шектемеу үшін төлемдердің тұрақсыздығына жол бермеу маңызды. Медициналық сақтандыру жүйесі - бұл мемлекеттің және азаматтар мен жұмыс берушілердің жауапкершілігі.

РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ