ДИКТОР: "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" Заңға сәйкес монументалды өнер құрылыстарын, яғни ескерткіш, мемориалды тақта орнату үшін арнайы комиссияның шешімі қажет. Арнайы талаптары сақталмай орнатылған ескерткіш, мемориалды тақталар орнынан алынып тасталады,- дейді тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығының мамандары.
РКС: Ескерткіштерді орнату бойынша комиссия құрамына өлкетанушылар, тарихшылар, сәулет өнерінің мамандары бар барлығы 10-12 адам кіреді. Ескерткіш қойылуы тиіс тұлғаның тарихқа еңбегі сіңген, ол туралы архивтік материалдар, дәлелдемелер мен құжаттары бар болуы керек. Жергілікті атқарушы орган жер бөлгеннен кейін, ескерткішті орнату процедурасын заңдастыру қажет.
СНХ: ЖАСҰЛАН ҮКЕЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРАНЫ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: ГСВГ деген ол Кеңес Үкіметі заманында Германияда служиттаған батыс шекараны қорғаған сарбаздар орнатпақшы болған. СКЛ. Ол ГСВГ-ның суреттемесі, бейнесі Қазақстан идеологиясына келмейді. Лениннің суреті, орден, Қызыл жұлдыз қойылған. комисия шешімімен қойылмайды.
РКС: Көкшетаудағы республикалық маңызы бар монументалды өнер құрылысының бірі - Шоқан Уәлиханов ескерткіші. Бұл жерге жаз мезгілінде балалар көптеп жиналып, скейтборд, велосипед тебеді. Ескерткіш маңындағы плиткалар жиі түсіп жатады. Сол үшін аталған ескерткіш алдағы уақытта темір қоршауға алынбақ. Ескерткіштер мен айналасындағы тазалық та өзекті мәселе.
СНХ: ЖАСҰЛАН ҮКЕЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРАНЫ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: М.Ғабдуллин ескерткішіне күн сайын көгершіндер қонады. Т.Бегелдинов ескерткіші тап таза. Енді ол жерде демалушылар көп жиналады. Тамақ, жем, шемішке шашады. Болашақта М.Ғабдуллин ескерткішінің иығына, басына көрінбейтін ине қою жоспарда бар. Құс қонбау үшін.
РКС: Ақмола облысы бойынша бүгінде 1731 ескерткіш бар. Олардың 5-уі республикалық, 1034-і жергілікті маңызы бар тарихи мұралар. Өз аумағында тұрған ескерткіштерді қорғап, сақтауға жергілікті әкімшілік жауапты.
М.АЙБАБИНА, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.