ДИКТОР: Абай Мырзахметов атындағы университетке биыл 700-ден аса студент бірінші курсқа қабылданды. Студенттерді қабылдау рәсімі кино жанрында ұйымдастырылған.

РКС: Биыл Абай Мырзахметов университетіне «Серпін» бағдарламасы бойынша алғаш рет еліміздің оңтүстік аумағынан 30-ға жуық студент қабылданған. Іс-шара барысында студенттер кино жанрында ұйымдастырылған концерттік бағдарлама қойды. Сондай-ақ кештің жоғары деңгейде өтуі студенттердің өз өмірлерімен байланысқан әзіл-оспақтарымен жалғасты.

СНХ: САБИНА ЖҰМАБАЙ, А.МЫРЗАХМЕТОВ АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ 1 КУРС СТУДЕНТІ: Мен осы Мырзахметов университетіне «Серпін» бағдарламасы арқылы түстім. Өзім Шымкент қаласының тумасымын. Біздің университет маған өте қатты ұнады. Ішіндегі мұғалімдері өте керемет сабақ береді. Студенттерге жасалған жағдайы жақсы деңгейде./