ДИКТОР: Қазіргі қоғамда тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу өте маңызды. Өйткені, жылдан жылға тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарының саны артып келеді. Қалыпты өмірге қайшы келетін осындай қиын жағдайға тап болса, әйелдер қайда жүгінуі керек? Бұл жөнінде тілші материалында

РКС: Облыста «Шанс» орталығы жұмыс істеп тұр. Мұнда әйелдер мен балаларға әлеуметтік-психологиялық және құқықтық көмек көрсетіледі. Жыл басынан бері дағдарыс орталығына 30-ға жуық нәзік жанды 45 баласымен көмек сұрап келген. Сондай-ақ, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болған, ата-анасының бақылауынсыз қалған 200-ден астам бала бар.

СНХ: ӘСЕМ АСАИНОВА, «ШАНС» ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Біздің орталықта 4 психолог және 2 медиатор жұмыс істейді. Әрбір әйелге жеке-жеке кеңес беру, психологиялық қолдау, психологиялық зерттеу жасалады. Әйелдерге кез келген мәселе бойынша көмектесіп, сотта көмек көрсететін заңгер де бар. Сондай-ақ екі әлеуметтік жұмысшы қызмет етеді. Олар құжаттарды жасау, жұмысқа орналастыру, балаларды мектепке және балабақшаға қабылдаумен айналысады.

РКС: Орталық құқық қорғау, әділет органдарымен және ауруханалармен, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасымен тығыз байланыста.

СНХ: ЭЛЬВИРА ТРАЙБЕР, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ӘЙЕЛДЕРДІ ЗОРЛЫҚТАН ҚОРҒАУ БОЙЫНША ИНСПЕКТОРЫ: Осы жылдың 11 айында Көкшетау қаласының ішкі істер басқармасы тұрмыстық зорлық көрсеткендерге 748 қорғау ұйғарымы және 106 арнайы талап шығарылды, бұл қорғау нұсқаулығын бұзғандар. Қорғау нұсқамасы 30 күнге беріледі. Мұндай отбасылар профилактикалық есепке алынды, кейін біз телефон соғып, қайтадан заңбұзушылық болған-болмағанын тексереміз, учаскелік инспекторлар да шақыртуларға шығады.

РКС: Орталықта көмек іздеп келген жандар өздерін қауіпсіздікте сезінеді. Мұнда: ана мен бала үшін барлық жағдай қарастырылған. Балалар әртүрлі жынысты болса – олар екі бөлмемен қамтамасыз етеді. Тамақ, жатын орын тегін. Орталық тұрғынының бірі өзінің басынан өткен қорқынышты жағдайымен бөлісті. Жәбірленушінің айтуынша бірінші некесінде тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған, ал екіншісінде психологиялық зорлық-зомбылыққа тап болған.

СНХ: ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТАН ЖӘБІРЛЕНУШІ: "Шанс" орталығына бір ай бұрын келдім. Үйде бір оқиға болды, бірінші рет емес. Үнемі кейінге қалдырылды, тынышталады деп ойлайсың, бәрі ойдағыдай болады деп үміттенесің. Бірақ күйеуім ішімдік ішіп алып, ұрыс шығарып, балағаттады. Жағдай ушығып кетті. Жағдай былай болды: ол аулаға шықты, мен оның артынан шықтым. Өз-өзіне қол жұмсаймын деп, моральдық қысым көрсетті. Балалар мұның бәрін терезеден көрді. Мен сыртқа шығып, оны тоқтатпақ болдым, бірақ, өкінішке қарай, ол маған қолына түскенін лақтырып шабуыл жасай бастады. Балта да, балға да кетті, Мені қорқытқысы келді.

РКС: Осында болған уақыт ішінде зорлық-зомбылық құрбаны немесе қиын жағдайға тап болған адам есін жиып, ойын жинақтап, әрі қарай қалай өмір сүру керектігін шешеді. Көп жағдайда әйелдер өз өмірлерін жаңадан бастауға тырысады, - дейді орталық мамандары.

АЙЫМГҮЛ НАЗАРОВА, ҚАЙЫРБЕК ТӨЛЕГЕНОВ, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ