ДИКТОР: Биыл қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі 1 мыңнан астам ауыл шаруашылығы техникасын есепке қойды. Техникалық шарт бойын¬ша тракторлар, комбайндар мен ауыл шаруашылығы саласындағы басқа да техникалар 15 жылдан кейін есептен шығарылуы тиіс.
РСК: Қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі ауыл шаруашылығы техникаларын тіркеу бойынша мемлекеттік қызметтің 4 түрін көрсетеді. Әрқайсысы үшін баж салығы қарастырылған.
СНХ: АЛТАЙ ИБРАГИМОВ, ҚАЛАЛЫҚ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ: Мемлекеттік тіркеу кезінде технұсқасын беру үшін 1715 көлемінде бажы төлеу қажет. Номерлік белгіні беру үшін 1 айлық есепкіш көрсеткіш төлеу керек 3450 теңге. Техниканың иесін тіркеу үшін куәлендіретін құжат қажет. 2-ші телнұсқасы қажет. Бажы төлеуі тиіс.
РКС: Ауыл шаруашылығы техникасын жүргізуге рұқсат беретін куәліктің мерзімі 10 жыл. Уақыт өткеннен кейін оны ауыстыру қажет. Мерзімі өткен жүргізуші куәлігін ауыстыру кезінде қайта емтихан тапсырмайды.
СНХ: ҚАЗБЕК ӘБІЛОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Трактористің куәлігін ауыстыруға келіп едім. Ол кісілер түсіндіріп, сол медицинский справка, көрсетілген қызметті төлеу керек деп жақсы түсіндірді.
РКС: Жаңа жүргізуші куәлігін алу оңай және жылдам. Ең бастысы – жарамдылық мерзімін кешіктірмеу, қажетті құжаттарды жинау және ауыстыруға өтінішті уақытында беру.
ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ