ДИКТОР: Соңғы уақытта Үкімет әлеуметтік инклюзияны дамытуға ерекше көңіл бөлуде. Бір ғана Ақмола облысында биыл мүгедектерді қаражатпен және әлеуметтік оңалту қызметтерімен қамтамасыз ету үшін 1,4 млрд теңге бөлінді. Мүмкіндігі шектеулі жандар әлеуметтік қолдауға жүгіне алады.
РКС: Мүгедектерді қолдау өмірдің әртүрлі салаларын қамтиды. Атап айтқанда, мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік қызметтер порталы арқылы үшінші жыл қамтамасыз етілуде. Бұл үйден шықпай-ақ оңалту қызметтерін көрсетушіні өзі таңдауға мүмкіндік береді. Мәселен, биыл 13 мыңнан астам өтініш түскен.
СНХ: ШОЛПАН РАХМАТУЛЛИНА, ОБЛЫСТЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ ҮЙЛЕСТІРУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Бүгінгі күні біз 12,5 мыңға жуық адамды немесе берілген өтініштердің 94 пайызын қамтамасыз еттік. 1,3 млрд теңгеге жуық қаржы игерілді. Айта кетерлігі, жартысынан астамы – 6500 адам гигиеналық құралдармен қамтамасыз етілсе, қазір 2400 адам санаториялық-курортта емделуде. 1500-ге жуық мүмкіндігі шектеулі жанға протездік-ортопедиялық, 400-ге жуық адамға аудиологиялық көмек көрсетілді. 700-ден астам адамға жылу құралдары берілді. 600 адам мүгедектер арбасымен қамтамасыз етілген.
РКС: Осыдан екі жыл бұрын облыста «Бірлік» мүгедектер одағы құрылды. Ұйым жұмысы кедергісіз ортаны дамыту, спорт, денсаулық, жұмыспен қамту сияқты бірнеше қағидаттарға негізделген. Одақ кәсіптік оңалтумен де айналысады.
СНХ: РАМАЗАН МҰҚАТАЕВ, «БІРЛІК» АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МҮГЕДЕКТЕР ОДАҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Біз 25 адамды табысты мысалдар арқылы оқытуымыз керек еді. Бірақ бізде адам саны асып кетті. Бізде 11 сәтті оқиға бар, олар бізді қуантады. Осындай жобалармен, осындай қолдау тетіктерімен мақтана аламыз, есту қабілеті бұзылған адамдарға жол қозғалысы ережелерін үйренуге арналған Қазақстандағы алғашқы онлайн анықтаманы жасадық. Бізде ымдау тіліне аударылған 41 сабақ бар және олардың барлығын веб-сайтымызға жүктедік.
РКС: Мекемеде мұқтаж жандарға барлық қажетті сұрақтар бойынша көмек көрсететін байланыс орталығы бар. Мұндағы операторлар мен құжаттама мамандары тірек-қимыл аппаратында ақауы бар адамдар. Олар жұмыспен қамту орталығынан арнайы квота бөлу аясында жұмысқа орналасты. Одақ жанында мүгедектер арбасын жөндеу шеберханалары және мемлекет қолдауымен ашылған шағын құрал қайрау шеберханасы да бар.
ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ВАСИЛИЙ ПАВЛИДИ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ