ДИКТОР: «Ақмола облысының жастар кубогы-2023» жайдарлы жайдарман ойыны өтті. Әзіл, қалжың арқылы өзекті тақырыптарды қозғайтын тапқырлар алаңында бақ сынауға еліміздің әр өңірінен 15 команда қатысты.

ИНТЕРШУМ: Жайдарманның ашылуынан шағын көрініс

РКС: Көкшетаудағы Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің «Тұмар» құрама командасы көрерменді мың бұралған биімен баурап алды. Жайдарман ойынына Семей, Астана, Қостанай мен Петропавл қалаларынан 15-тей команда қатысты.

СНХ: НҰРБОЛАТ ТҰРДЫБАЙ, «СЕЙФУЛЛИН» ҚҰРАМА КОМАНДАСЫНЫҢ МҮШЕСІ: Жайдарман ойынын өзім 5,6 сыныптан бастап ойнаймын. 5-11 сыныпқа дейін мектеп лигасында ойнасам, университетке түскен соң «Сейфуллин» құрамасы ашылып, 2 жыл осында ойнап жүрмін. Қазіргі уақытта Сәкен Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық зерттеу университетінің намысын қорғап келіп отырмыз.

РКС: Жайдарман ойынына жанкүйер болуға келген жастар командаларды қолдап, жігерлендіріп отырды. Ойыннан керемет әсер алғандарын да жасырмайды.

СНХ: АДАЙ БОТАБАЙ, КӨРЕРМЕН: Маған «Жайдарман» бала кезімнен ұнайды, оны көріп өскенбіз. Қолдаушы ретінде келіп отырған жайым бар. Мұнда менің достарым «Есте қалсақ» деген командасы бар. Соларға жеңіс тілеймін. «Жайдарман» қатты ұнап жатыр, жоғары деңгейде деп айтса да болады.

РКС: Жастардың шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі танытуына мүмкіндік берген Жайдарман ойынының бас жүлдесін Красный Ярдағы көпсалалы инновациялық колледжінің «Достық 68» құрамасы еншіледі. Елордалық "Элита" құрама командасына екінші орын бұйырды. Ал үздік үштікті Жанайдар Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің "Есте қалсақ" құрама командасы түйіндеді. Барлық команда қатысушыларына ақшалай сертификаттар мен арнайы кубок табыс етілді.

АЙЫМГҮЛ НАЗАРОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ