ДИКТОР: Прокуратура саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында жоғары оқу орындарының студенттері үшін «Ашық есік» күні өтті. Шараға облыс орталығындағы қос университеттің құқықтану кафердрасының соңғы курсында білім алып жатқан 60-қа жуық студенті белсене қатысты.

РКС: Қос жоғары оқу орнының құқықтану кафедрасы прокуратура саласына бірден-бір маман дайындайтын ұстахана іспетті. Шараның басында студенттер облыстық прокуратураның мұражайымен танысты. Ол жерде осы саланың қалыптасуы және дамуынан сыр шертетін жәдігерлер қойылған. Сонымен бірге үздік қызметкерлердің жүріп өткен жолы да айтылды. Болашақ заңгерлермен прокуратура басшылығы мен сала ардагерлері кездесіп, жұмыстың қыр-сырын баяндап, әдемі естеліктерімен бөлісті.

СНХ: АРМАН САДЫҚАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ПРОКУРОРЫНЫҢ КӨМЕКШІСІ: Студенттермен кездесуді дәстүрге айналдырдық десек артық айтқандық болмас. Университет қабырғасында және прокуратура ғимаратында үнемі кездесіп, пікір алмасып тұрамыз. Бүгін де сол игі дәстүрден жаңылған жоқпыз.

РКС: Бас прокуратура жанындағы құқық қорғау органдары академиясының түлегі Фаризат Дайыр жұмыс барысындағы жеке тәжірибесімен бөлісіп, қызметке қабылдауға қатысты конкурстың ерекшеліктеріне тоқталды.

СНХ: БЕРІКБОЛ ЕРАСЫЛ, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ: Бүгінгі өтіп жатқан мерекенің басты мақсаты прокуратура органына қалай түсу керек,қалай жұмыс істеу керектігін, және қандай қызметтер атқару керектігін айтты. Прокуратура органдарына көптен көп алғыс айтамыз.Үнемі осындай іс-шаралар өткізіп тұрады.

РКС: Іс-шарада студенттерге прокуратура органына құызметке қабылдаудың шарттары жайындағы бейнеролик көрсетіліп, ақпараттық шағын кітапшалар таратылды.

СӘНИЯ ЖАҢБЫРШЫ, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, НҰРГЕЛДІ НҰРБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ