ДИКТОР: Ақмола облысы еліміздің ірі агроөнеркәсіптік өңірі. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге қолдау көрсету мақсатында бірнеше аймаққа Үкімет резервінен 30 миллиард теңге бөлінді. Қарастырылған қаржының тең жартысы Ақмола облысына тиесілі. Қаржының басым бөлігі мал шаруашылығы саласын дамытуға бағытталса, қалғаны егіншілікпен айналысатындарға берілмек. Биыл ауа райының қолайсыздығы егістік алқаптарына біраз шығын келтірді. Олардың қарызы бөлінген субсия есебінен өтелмек.

СНХ: ДУЛАТ СЕРДӘЛІ, ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: 16 миллиардтың өсімдік шаруашылығына 1,5 миллиард, мал шаруашылығына 7,8 миллиард және де несиелерді өтеу бойынша 401 миллиард теңге бөлінді. Қазіргі таңда өсімдік шаруашылығы бойынша 1,5 миллиард теңге игерілді. Енді біз күтіп отырған қалған қаражат жаңағы мал шаруашылығына және қаржы институттарынның кредиттік пайыздық ставкасын өтеу бойынша қаражат түседі жуырда.