ДИКТОР: Щучинскідегі Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледжінде облыстық әскери-патриоттық жиыны өтуде. Шара жастар арасында әскери жұмысты жетілдіру мен еліміз бойынша әскери-патриоттық тәрбиені дамытуға бағытталған.

РКС: Шараға қатысу үшін облыстың түкпір-түкпірінен жастар жиналды. Қатысушылардың барлығы әскери-патриоттық клубтың тәрбиеленушілері.

СНХ: ТОМИРИС КЕНЖЕТАЙ, "АЙБЫН" ПАТРИОТТЫҚ КЛУБЫНЫҢ ҚАТЫСУШЫСЫ: Жалпы, 23 команда келді. Осындай жарысқа қатысуыма қуаныштымын. Барлық командаларға сәттілік тілеймін .

РКС: Жиынға қатысушылар үшін әскери-спорттық және әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша алаңдар ұйымдастырылған. Сондай-ақ, мамандандырылған техника көрмесін де тамашалауға мұмкіндік қарастырылыпты.

ИНТЕРШУМ: қару жинау

СНХ: ОРЫНБЕК САҒИДОЛДА, ОБЛЫСТЫҚ "ЖАС САРБАЗ" БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Бүгін облыстық деңгейде «Айбын» жастар жиынын өткізудеміз. Жарыстың екінші күні. Осы облыстық деңгейде жарысты өткізе отырып, бүкіл облысымыздағы үздік «Жас сарбаздар» клубтарын анықтап, республикалық «Айбын» жарысына қатысатын команданы анықтайтын боламыз. Аталған жарыста 7-8 бағыт бойынша жарыстар өткізіледі.

РКС: Айта кетейік, "Жас Сарбаз" қозғалысының арқасында елімізде әскери-патриоттық клубтардың саны артуда.

СНХ: ЫБЫРАЙ ДУАНБАЙ, ҚР ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛІГІ ӘСКЕРИ-ТЕХНИКАЛЫҚ МЕКТЕБІ ЩУЧИНСК ФИЛИАЛЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Бүгінгі күні 24 әскери патриоттық клубтар ір-бірімен сайысады. Соның ішінде ең мықтысы анықталады. Еліміздің болашағы осыдардың қолында. Осы шара олар көп нәрсе үйренеді. Және өмірде оларды қолдануға болады деп ойлаймын.

РКС: Бұл жарыс қару-жарақты жинау мен бөлшектеуден бастап зияткерлік түріне дейін түрлі бағыттар бойынша өткізіледі.

ИНТЕРШУМ: жаттығу залы

САМАЛ ЫСҚАҚОВА, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ