ДИКТОР: Көкшетау қаласы бойынша пробациялық есептегі 700-ден астам сотталушының 400-дейінің мерзімі бітуіне байланысты тіркеуден шығарылды. Қалалық пробация қызметі жергілікті полиция қызметі басқармасымен бірлесіп түрлі рейд өткізіп келеді. Сондай шараның біріне қатысып қайтқан тілші материалына назар аударыңыздар.

ИНТЕРШУМ: тексеріс барысы

РКС: Сотталушылардың қайта қылмыс жасауына жол бермеу, қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында пробация қызметінде есепте тұрғандардың тұрғылықты мекенжайы бойынша тексеру жүргізілді. Олар бас бостандығынан айырылмаған, бірақ заң бойынша сот арқылы белгіленген талаптарды орындауы тиіс.

СНХ: ПРОБАЦИЯЛЫҚ ТІРКЕУДЕГІ СОТТАЛУШЫ: Пробациялық бақылаудамын. Өз тарапымнан заң талаптары бұзылған жоқ. Тіркеуде тұрғаныма 2 жыл. Жауапты мекеме қызметкерлері кез-келген уақытта келіп, тексеріп кетеді, өзім де барып белгіленіп тұрамын. Енді бір жылым қалды.

РКС: Пробация қызметі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінен босап шыққандарды сауықтыру, әлеуметтік ортаға бейімдеу, сотталғандарды бейәлеуметтендіру арқылы қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге әрекет етеді.

СНХ: ӘСЕТ ӘБІШЕВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ПРОБАЦИЯ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСТЫҒЫ: Көкшетау қаласы бойынша 700-ден астам сотталушы пробациялық есепте тұр. Олардың бәрін тұрғылықты жері бойынша міндетті түрде тексереміз. Әкімшілік құқық бұзушылықтар жасаса, соны анықтау. Оларға қаладан тысқары жерге шығуға сотпен тыйым салынған. Сотпен бекітілген міндеттемелерді орындаулары шарт.

РКС: Жыл басынан бері пробация қызметі мен қалалық жергілікті полиция қызметі басқармасы 20-дан астам түрлі шара өткізді. Айта кетейік, облыс орталығында 300-ден астам сотталушы пробациялық қызметтің бақылауында. Сондықтан, ең бастысы қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету маңызды. Пробациялық есепте тұрғандармен түсіндіру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасады.

АЙЫМГҮЛ НАЗАРОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ