ДИКТОР: Облыс орталығындағы Мақтай Сағдиев пен Гагарин көшелерінің қиылысында кәріз құбырының ернеуінен лай су шығып, ол жолдарды шайып кетуге жақын. Жағымсыз иіс ауаға тарап кеткен. Кәріз құбырларына қатысты мәселе қала бойынша бірнеше жылдан бері шешімін таппай отыр.

РКС: Көл-көсір су. Күндіз еріп, сай саланы қап-қара су басып кетеді. Кешкісін қатып, көлік түгілі, жаяу жүргінші төрт табандап әзер жүреді.

СНХ: ОРАЗХАН ШҮЛЕМБАЕВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Ал міне қазір Мақтай Сағдиев көшесінде тұрмыз. Бізді қынжылтатын жағдай, бұл кәзір құдығы жағымсыз иісі, көріп тұрғандарыңыздай барлығы көл дәрия болды. Сол жағымсыз иіс лас су барлығы біздің Қопа көліне барады. Қопа көлі біздің сұлу Көкшеміздің бір демалыс орны болуға тиісті. Бұған бір жылдай болды. Су арнасы қанша келсе де бұл әлі жөнделген жоқ. Гагарин көшесінің құбырын жөндегендей болды, бірақ әлі жөнді жұмыс істемей тұр.

РКС: Қавлыптасқан жағдайға байланысты су арнасының мамандарына жүгіндік. Бұл аумақта көпқабатты жаңа тұрғын үйлердің көптеп бой көтеруде. Сондықтан тозығы жеткен кәріз құбырлары жүктемеге төтеп бере алмай отыр.

СНХ: ҚАЗБЕК СӘДУАҚАСОВ, «КӨКШЕТАУ СУ АРНАСЫ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ КӘСІПОРНЫНЫҢ БАС ИНЖЕНЕРІ: Сағдиев, Әуезов, Жеңіс, Ақан сері және Әуелбеков көшелеріндегі кәріз жүйлерінің барлығы бір коллекторға жалғанған. Бәрі Жайлаудан бастау алады. Тұрғындар суды көп қолданған кезде, кәріз құбырлары арнасынан асып кетеді. Сәйкесінше, артық су сыртқа шығып, кәріздегі лай су далаға ағады.

РКС: Айта кету керек, кәріз құбырларын жөндеу жұмыстарын жүргізуге жарияланған тендерді ұтып алушылар әлі күнге дейін шықпай отыр. Қазір кәріз құдығын тазарту құрылыстарына жобалау-сметалық құжаттама дайындалып жатыр.

СӘНИЯ ЖАҢБЫРШЫ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚАПАРАТ