ДИКТОР: "Курорт-Бурабай" және "Жаңа-Есіл" станцияларындағы локомотив депосының екі машинисі есірткі заттарын қолданған. Оларды есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл тобының қызметкерлері анықтады. Сондай-ақ, "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық шарасы аясында Көкшетау станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері 76 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады.

РКС: "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық шарасы заңдылықты, құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған. Мәселен, мемлекеттік кірістер органдарында тіркелмеген жеке көлігімен заңсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысқан. Сондай-ақ есірткі қолданған поезд машинистері анықталды.

СНХ: РҮСТЕМ ҰРЫМБАЕВ, КӨКШЕТАУ СТАНЦИЯСЫНДАҒЫ ЖЕЛІЛІК ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ: Аталған қызметкерлерге қатысты Қылмыстық Кодекстің 296-бабының 1-бөлігі бойынша есірткі заттарын медициналық емес бағытта пайдаланғаны үшін деген айыппен сотқа дейінгі тергеу басталды. Көлік нысандарында жазатайым оқиғаларды болдырмау мақсатында рейдтік іс-шаралар, халықпен түрлі жиындар мен жолаушылар поездарында кездесулер жоспарлы түрде өткізіледі.

РКС: Волонтерлерді тарта отырып, түрлі акциялар ұйымдастырылады. Қала қонақтары мен жолаушылар брошюралар мен жадынама қағаздары таратылады.

СНХ: ЕКАТЕРИНА САФОНОВА, «LIDER.KZ" ВОЛОНТЕРЛЕР ОРТАЛЫҒЫ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: "Lider.kz" қоғамдық қоры Көкшетау станциясындағы желілік полиция бөлімімен бірлесіп, теміржол көлігі нысандарында жарақаттанудың және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған профилактикалық іс-шаралар жүргізеді.

РКС: Айта кету қажет, желілік полиция мен қоғамдық қор арасында меморандум жасалды. Сондықтан бұл жұмыс тұрақты негізде жалғаса береді.

САМАЛ ЫСҚАҚОВА, ЗАРИНА БЕКҚАЛИЕВА, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.