ДИКТОР: Қызылша ауруының өршуі – тек дәрігерлерді ғана алаңдатпайды. Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде өткен дөңгелек үстел барысында жоғары медицина мектебінің студенттері мен оқытушылары бас қосты. Жиналғандар тұрғындарға қызылша ауруының алдын алудың бірден бір жолы екпе егу екендігін түсіндіру қажеттігін талқылады.

РКС: Ұлттық екпе егу күнтізбесіне сәйкес, балалар 12 айлығында және 6 жасқа толғанда екпе алады. Бірақ, соңғы кездері вакцинадан бас тартатындардың саны артып жатқан көрінеді. Мамандардың айтуларынша, дерттің дендіп бара жатқанының бірден бір себебі де осы. Қызылша ауруының ең жұқпалы кезеңі 10 күн дейді жиналғандар. Сондықтан, осы уақытта ауруға шалдыққан адамға ешкіммен араласпаған абзал.

СНХ: ЕРНАЗАР ТІЛЕУБЕРГЕНОВ, МЕДИЦИНА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ: Біз осы екпені уақытылы жүргізіп, халқымыз бәрі бірдей қолдап, екпені алса, онда балаларымызды сақтап қалу, денсаулығын қорғау, сондай мүмкіндігіміз бар. Себебі, қызылшаның өзі жеңіл өткенмен, оның асқыну түрлері өте ауыр. Медицина қызметкерлері айтқан уақытта келіп, медициналық пукнтерге екпені уақытыла алса баланың да денсаулығы зор болып, ол шат көңілмен жақсы өмір сүреді деп ойлаймын.

РКС: Қызылша асқынып кетсе тіпті жаман, дейді ақ халаттылар. Университет студенттерінен құралған еріктілер тобы алдын алу шараларын өткізіп, қызылшаға қарсы екпе алудың маңыздылығын түсіндіруге әзір. Өйткені, екпе алмағандар ауруды екпе алатын жасқа жетпеген бүлдіршіндер мен медициналық көрсеткіштеріне байланысты вакцина ала алмайтындарға жұқтыруы әбден мүмкін.

СНХ: СВЕТЛАНА МҰРАТБЕКОВА, Ш. УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІ ЖОҒАРЫ МЕДИЦИНА МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Болашақ дәрігерлер, яғни, біздің студенттеріміздің мұндай шараларда белсенділік танытқандары дұрыс. Өйткені, бұл дерт өте жұқпалы, тез тарайды, тіпті құлақ естімей, көз көрмей қалуы әбден мүмкін. Өкпе мен жүрекке де кері әсерін тигізеді. Болашақ ұрпағымыздың дені сау болу үшін екпе егуді мықтап қолға алу керек.

РКС: Мамандар, қызылшаның алдын алудың бірден бір жолы – екпе екендігін ескереді. Қазақстан Республикасы бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес 6-қарашадан бастап 6-11 айлық балаларды жаппай иммундау жүріп жатыр.

ФАРИЗА АСЫЛБЕКОВА, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ КӨКШЕ АҚПАРАТ