ДИКТОР: Солтүстік Қазақстан Nomad лигасының ақтық сайысы өтті. Жылдың үздік жайдарманшыларының ойынына 6 команда қатысты. Оларды қолдауға 700-ден астам қала қонақтары мен тұрғындары келді.
ИНТЕРШУМ: Жайдарманның ашылуы
РКС: Финалдық ойынға қатысқан 6 құраманың әрқайсысы жыл бойы үздік көрініп, топ жарғандар. Аталмыш сайыс 2 кезеңнен тұрды. Яғни, сәлемдесу және жұлдызды көрініс. Әр кезеңге жан-жақты ізденіп келген ойыншылар қызықты ойын өрнегін көрсете білді.
СНХ: ДАСТАН ЕРМЕКОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Әрбір команда, яғни орта деңгейдегі командалар республика деңгейінде өнер көрсетіп жүрген. Олар премьер лигада қатысып жатқан командалармен финалда, полуфиналда болған командалармен бірге қосылып өнерлерін көрсететін болады.
РКС: Жарысқа тыңғылықты дайындықпен келген жайдарманшылар ойын барысында қоғамда болып жатқан өзекті мәселелерді де астарлы әзілдермен жеткізді.
ИНТЕРШУМ: Аю құрамасынан үзінді
СНХ: ҚАЗБЕК ЖАНАБАЙ, «АЙҚАС» ҚҰРАМАСЫНЫҢ КАПИТАНЫ (АРҚАЛЫҚ): Біз енді осы кезге дейін Астана қаласында ойын ойнадық. Олар жаңа лига, КТА ойындарында ойнадық. Енді осы ойын бізге ең шешуші ойын болып тұр. Осы ойында жеңген командалар жоғары лиганың іріктеуінде ойнайды. Сондықтан, біз бар күшімізді салып Арқалықтан Қостанай облысының намысын қорғауға келіп тұрмыз. +скл+Бізге 1 ай қалғанда ескертті. Сол уақыттан бері дайындалдық. Актуальный мәселелерді іздеп және қоғамда қандай жағдайлар болып жатыр солардың барлығын үйлестіре әзілмен дайындалып келдік.
ИНТЕРШУМ: «Сейфуллин» командасынан үзінді
- Енді мынау қаламыздың проблемасын айтайықшы.
- Айт, айтайық.
- Мен мысалғы кеше кинотеатрға бардым, жылап шықтым, жігіттер.
- Енді мелодрамаға барған соң шығар.
- Жоқ, отырғыштары қатты, жігңттер белім ауырып кетті.
- Мен мысалға күніне 20 литр кола ішемін ғой.
- Соған қарағанда бай болып тұрсың ғой сен.
- Жоқ ана краннан су ішейін десем лас, кір-кір ғой.
СНХ: ЕСБЕРГЕН ӘСКЕРОВ, «СЕЙФУЛЛИН» ҚҰРАМАСЫНЫҢ МҮШЕСІ (АСТАНА): Командада төрт ойыншы. Одан басқа әуен мен әрлеуші бар. Біз 1 жыл бойы маусымда ойнадық, көптеген қалаларда болдық. Қостанай, Петропавл, Қосшы қалаларында ойын өтті. Сол ойындардың қорытысы болғандықтан біз ұзақ дайындалдық. Жеңімпаз атансақ деген ниетпен келдік.
РКС: Финалда бірінші орынды Петропавл қаласы «Қызылжар» командасы еншілесе, екінші орынды Қостанай қаласы «Есте Сақта» құрамасы иеленді. Ал үздік үштікті Астана қаласы «Сейфуллин» командасы түйіндеді. Бұл жайдарманшылар енді жоғары лигада өнер көрсетпек.
ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ