ДИКТОР: Кәмелеттік жасқа толған Қазақстанның әрбір азаматы Отан алдындағы борышын өтеуге міндетті. Еліміздің Қарулы Күштерінің қатары жыл сайын 30 мыңнан астам бозбаламен толығады. 2013 жылдан бастап жігіттер үшін ақылы негізде бір айдың ішінде әскери билет алуға мүмкіндік туды. Қорғаныс министрлігінің әскери-техникалық мектебі Щучинск филиалының сарбаздары 40 күндік курты ойдағыдай тәмамдап шықты.

ИНТЕРШУМ: ант қабылдау сәті

РКС: Биылғы жылдың қорытындысы бойынша облыс орталығында орналасқан Щучинск филиалының әскери-техникалық мектебін 250-ге жуық сарбаз бітіріп шықпақ. 24 пен 27 жас аралығындағы жастар әскери қызметтің баламалы түрін өтеуге мүмкіндік алып отырғанын айта кету керек.

СНХ: ДУАНБАЙ ЫБЫРАЙ, ҚР ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛІГІ ӘСКЕРІ-ТЕХНИКАЛЫҚ МЕКТЕБІ ЩУЧИНСК ФИЛИАЛЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Бізді Красный Ярда орналасқан полигон бар, ол жерде әскери дайындық өтеді. Көкшетау қласында орналасқан казармада сарбаздар күніне 3 рет тамақтанып, сол жерде жатады. Сарбаздарға арналған жазғы және қысқы формалар да бар. Оқу барысында олар бұрғылауды оқып, химиялық қорғаныс костюмін киіп жаттығады.

РКС: 45 жас ант берді. Айтулы күні сарбаздардың жақындары мен достары да жандарынан табылып, ұмытылмас сәттің куәсі болды.

СНХ: АЯН ШАЯМАН, САРБАЗ: Бізге атуды осындағы 25-30 жылдам артық тәжірибесі бар әскери адамдар үйретті, үйрендік. Ату тактикасын тек керек кезде және игі мақсатта қолдану керек деп ойлаймын. Ант қабылдау мен үшін үлкен мақтаныш. Бұл өз Отаның мен халықтың алдындаы үлкен жауапкершілік.

СНХ: ЕВГЕНИЙ ХОМЯКОВ, САРБАЗДЫҢ ӘКЕСІ: Балаларымызға оқуға мүмкіндік берген әскери-техникалық мектепке алғысымыз шексіз. Баламның Отан алдында берген антының салтанатты рәсіміне қатыстым. Бізді және елімізді қорғайтындар қатарына ұлымның қосылғанына қуаныштымын.

РКС: Ант беру рәсімінен кейін бірден әскери билет алуға құқық беретін куәлік беріледі.

АЙЫМГҮЛ НАЗАРОВА, ҚАЙЫРБЕК ТӨЛЕГЕНОВ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ