ДИКТОР: Индонезияда өткен биатл-триатлдан Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы 6 алтын, 5 күміс, 4 қола медаль жеңіп алды. Осынау спорттық жетістікке біздің жерлестеріміз де қомақты үлес қосты.

РКС: Жауапты жарыстан соң Ақмола облысының спортшылары Көкшетау қаласындағы жеңіл атлетикалық манежде Қазақстан кубогын сарапқа салу бәсекесіне қатысты.

STAND-UP: ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, ТІЛШІ: Спорттың бұл түрі триатлоннан жалғасын тауып, 5 сайысқа ұласады...

РКС: Қазақстан Республикасының кубогына еліміздің бірнеше өңірінің биатл-триатл спортының саңылақтары қатысуда. Олардың бәрі де жеңістен үмітті.

СНХ: СЕРГЕЙ ПИХИДЬКО, ЗАМАНАУИ БЕССАЙЫСТАН АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ АҒА БАПКЕРІ: Біз биатлу-триатлумен 2016-шы жылдан бері тұрақты айналысып келеміз. Жетістіктеріміз де баршылық. соның бір айғағы Индонезияда өткен Әлем чемпионатында жерлестеріміз қанжығаға бірнеше медаль салды. Бүгінгі жарыста да жеңіске жетеміз деген үміт бар.

РКС: Әлем чемпионатында жүлдегер болған өрендерімізді өз алаңында өтіп жатқан жарыс кезінде әңгімеге тарттық.

СНХ: ЮЛИАНА ПЕТРОВА, ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ: Жарысқа тыңғылықты әзірлікпен барып, жақсы нәтиже көрсеттік. Спорттың бұл түрі өте күрделі.Суда жүзіп, велосипедпен жүріп, өзге де жаттығулардыжасау керек. Осы тапсырмаларды тиянақты орындасаң ғана биік белестен көрінесің.

СНХ: АЛМАС САЯТ, ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ: Мен триатлонмен Тараз қаласында айналысып, Көкшетауда жалғастырып жатырмын. Бірнеше мәрте облыс чемпионы атандым. Әлемдік жарысқа тұңғыш рет қатысып, жақсы нәтиже көрсеттім. Бүгінгі жарыста да жеңіске жетуге ұмтыламын.

СНХ: НИКИТА ДУБИНСКИЙ, ПРИЗЕР ЧЕМПИОНАТА МИРА рус

РКС: Көкшетауда өткен ел кудогының бәсекесінде Сергей Петров, Виолетта Решетняк, Александр Суховольский және Артем Бедрин топ жарды.

ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, ӘЛІШЕВ ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ