ДИКТОР: Облыс орталығында 2012 жылы туған және одан да кіші жасөпірімдер арасында судағы полодан ҚР чемпионатының 2-ші кезеңі өтті. Онда Көкшетау, Астана және Қарағандылық спортшылар бақ сынады.

РКС: Бұл чемпионат спортшылар үшін алғашқы бәсекелестік тәжірибе. Судағы полодан жаттықтырушы алдағы жарыстарда жеңіске жету үшін әлі де біраз еңбектену қажеттігін айтады.

СНХ: ЕРКЕБҰЛАН ҚАПЕЗОВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ СУДАҒЫ ПОЛОДАН ЖАТТЫҚТЫРУШЫ: Біз аймақтық 3 тур ойнаймыз. Оның нәтижесінде соңғы финалға баратын команда іріктеледі. Қазір ұпай жинап жатырмыз. Астаналық 2 командамен ойнадық, бұл біз үшін шағын жеңіс. Келесі күні қарағандылық құрамамен бағымызды сынаймыз. Біраз дайындалдық, еңбек еттік. Балалар барын салуда. Әрине, кей кемшіліктер бар, дегенмен оларды түзетуге тырысамыз.

ИНТЕРШУМ: ойын

РКС: Судағы полоның ерекшелігі екі команданың спортшылары суда, тек қол қимылы арқылы ғана жарысады. Олардың міндеті – бөлінген уақыт ішінде қарсыластың қақпасына көбірек гол соғу. Қайырден Ахмедияр жас ватерполшы. Бұл жеңіс тек бастама дейді. Командалық жұмыстың арқасында қарсыластарынан басым түскенін атап өті.

СНХ: ҚАЙЫРДЕН АХМЕДИЯР, ВАТЕРПОЛШЫ: Көкшетау қаласының командасында ойнаймын. Осы ойын туралы айтатын болсам, екінші қатарда ойнадым, бұл ең ыңғайлы орын болып саналады. Мен үшін дода қиын болған жоқ. Қарсыластарым Астана 1 құрамасы. Команда осал емес, жақсы ойын болды. Әлі де жұмыс істейміз, тырысамыз. Басқа жігіттерді де осы спорт түрімен айналысуға шақырамын.

РКС: Жарыстың үшінші кезеңі Елордада өтеді. Айта кетейік, судағы поло үйірмесінде тегін жаттығуға болады.

САМАЛ ЫСҚАҚОВА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ