ДИКТОР: Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаға еңгізілген жаңашылдықтар мен олардың жүзеге асырылу барысы. Осы тақырып облыстық мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департаменті ұйымдастырған шарада қаралды. Кезекті отырыста мемлекеттік қызмет кадрларының бүгінгі жай-күйі баяндалды.
РКС: Халық үніне құлақ асатын, тиімді есеп беретін, кәсіби және прагматикалық мемлекет. Бұл осы жылдың тұжырымдамасына сәйкес мемлекеттік басқарудың жаңа моделі. Осы қағидаттар аясында сапалы жұмыс істеу өңірдегі кадр саясатының тиімділігіне тікелей байланысты. Айта кетейік, жоғары оқу орнын мемлекеттік грант есебінен оқып, үздік дипломмен аяқтаған 11 түлек аймақтағы мемлекеттік органдарда түрлі лауазымдарға конкурстан тыс тағайындалған.
СНХ: ДУМАН ӘБІЛЕВ, ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ: Мемлекеттік қызметшілерді 89,8 пайызы жоғары кәсіби білімге, 15,6 пайызы екі не одан да көп білімге ие, олардың қатарында ғылым кандидаттары, «Болашақ» бағдарламасының, ҚР-ның Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының түлектері, жоғары оқу орнынан кейінгі және шетелдік білімге ие тұлғалар бар. Жастарды мемлекеттік қызметке тарту бойынша атқарылып жатқан жұмыстар өзінің оң нәтижесін беруде. Жергілікті атқарушы органдардағы қызметшілердің 31 пайызы 35 жасқа дейінгі жастар.
РКС: Соңғы жылдары өңір бойынша мемлекеттік қызметте кадр көші баяулаған. Бос лауазымдардың көрсеткіші 10 процентке жуықтайды. Береке тұрақтылықта демекші, жыл басынан бері 470 конкурс өткізіліп, 250-ден астам адам жұмысқа қабылданыпты. Сондай-ақ, мемлекеттік басқару жүйесінде көптеген оң өзгеріс орын алып, мемлекеттік қызметке қабылдауды жеңілдету мақсатында қолданыстағы заңнамаға жаңашылдықтар енгізілген.
СНХ: ЕРЖАН ЖАРОВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ МЕМЛЕКТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Келесі жылы бірқатар өзгеріс болады. Олар ұлттық персоналды басқару орталығының қайта құрылуына байланысты кей функциялар Академия мен филиалдарға ауысады. Олардың бірі-аналитикалық сүйемелдеу қызметтерін ұсыну, сонымен қатар менеджмент саласындағы ұйымның персоналды басқару әдіснамасын әзірлеу және енгізу. Сондай-ақ, нормативтік құқықтық актті білуге тестілеу және мемлекеттік қызметшілердің, мемлекеттік қызметке және құқық қорғау органдарына түсуге кандидаттардың жеке қасиеттерін анықтау рәсімі өткізіледі.
РКС: Мемлекеттік қызметшілерді мансаптық ілгерілету облыстық, аудандық және ауылдық деңгейлерде сәтті іске асырылуда. Жыл басынан бері облыстық жергілікті атқарушы органдарда ұйымдастырылған ішкі конкурстардың нәтижесінде 88 мемлекеттік қызметші түрлі лауазымдарға тағайындалды.
САМАЛ ЫСҚАҚОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ