ДИКТОР: Елімізде ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада бастау алды. Бұл білім сайысы қала мен ауыл мектептері арасындағы алшақтықты азайтуға бағытталған. Оған 9-11 сынып оқушылары белсене қатысуда.

ИНТЕРШУМ: Олимпиаданың ашылуы

РКС: Олимпиада өтетін сыныптарда бейнебақылау жүйесі орнатылып, сайыстың өткізілуі барысын Youtube желісінен ата-аналар тікелей эфирде көре алады.

СНХ: ГҮЛЗАТ БАҚТЫБАЕВА, №3 КРАСНЫЙ ЯР КӨПСАЛАЛЫ МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Мектебімізде 765 оқушы бар. Осы 765 оқушының ішінен жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар дегендей 68 оқушы суырылып шығып, осы пәндік олимпиадаға қатысып жатыр. Барлық оқушыларымызға сәттілік тілеймін! Олимпиаданың мақсаты - ауыл балаларының жаңағы дарынды, қабілетті оқушыларды қолдау. Ауыл балаларына мүмкіншілік жасау. Қала мектептерінің білімімен ауыл мектептерінің білімін теңестіру.

РКС: Олимпиада жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттар бойынша өтіп жатыр.

СНХ: ЕРЖАН ЖЕКСЕНБАЙ, №3 КРАСНЫЙ ЯР КӨПСАЛАЛЫ МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ 11 СЫНЫП ОҚУШЫСЫ: Оқу ағарту министрлігінің басшылығымен жасалып жатқан ауыл мектептің оқушыларына республикалық олимпиада жасап жатқанына өте қуаныштымын. Бұл олимпида балалардың қандай пәннен қызығушылығы бар екенін және де болашақта қандай мамандық таңдауына үлкен бір бастау. Осы олимпиадаға қатысып жатқан барлық балаларға сәттілік тілеймін!

СНХ: СЕЗІМ МӘНИП, №3 КРАСНЫЙ ЯР КӨПСАЛАЛЫ МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ 11 СЫНЫП ОҚУШЫСЫ: Біз өте қатты қуаныштымыз! Ең алдымен білім ағарту министрлігіне алғысымызды айтамыз. Себебі, балаларға осындай үлкен мүмкіндік беріп отыр. Мен осы олимпиада да өз бағымды сыңадым қазақ тілі, әдебиет пәнін таңдап. Өзімнің білімімді шыңдап көргім келді және қатысып жатқан барлық балаларға сәттілік тілеймін!

РКС: Республикалық олимпиада қарашаның 20-сы мен 29-ы аралығында «бір парта, бір қатысушы, бір камера» қағидасын сақтай отырып, 11 пән бойынша өткізіледі.

ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ