ДИКТОР: Облыс орталығынан шалғайда жатқан Жарқайың ауданының тұрғындары ондаған жыл жол азабын тартып келеді. Жол жөнделеді деген уәде бірнеше мәрте берілгенімен, одан еш қайыр болмаған. Келесі жылы Жарқайың ауданының жолдары жөнделеді. Облыс әкімі Марат Ахметжанов Державинскідегі жағдаймен танысып, бірқатар нысанды аралады.

РКС: Державинскіге Атбасар, Есіл және Арқалық арқылы негізгі үл жолмен жетуге болады. Олардың жай-күйі мүшкіл. Тіпті жол деп айтуға келмейді. Атбасар тас жолына шағым көп. Жергілікті тұрғындар 40 шақырымдай жолмен жүру қиямет қайым. Келесі жылы «Қарағанды Жолдары» серіктестігі осы жол бөлігін жөндеуге кіріспек. Оған 3,1 млрд. теңге бөлінді.

СНХ: ВЛАДИМИР КУЛАКОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Державинскіге кіреберіс алғашқы 40 шақырым жол нашар жағдайда. Бұдан басқа да жаман жерлер бар, біз оларды басқа жобаларға қосып, келесі жылы жөндейміз. Атбасар алдындағы 9 шақырым жолды жөндеу жұмыстары да келесі жылы аяқталады деп жоспарланған. Біз «Қарағанды Жолдары» серіктестігін Державинск қаласының көшелерін жөндеуге қатысты жобалар әзірлеуді сұрап жатырмыз.

РКС: Жұмыстар тек жолдарда жүргізіліп жатқан жоқ. Бұрынғы қалалық типтегі Степной ауылының келбетіне қан жүгіре бастады. Тұрғындарды қоныстандыру үшін 5 қабатты тұрғын үй қайта жаңартылуда. Жарқайың аудандық ауруханасы да жөндеуді талап етеді. Аудан тұрғындарының саны жыл санап қысқарып жатыр. Сондықтан бұл ғимарат бұл өңір үшін тым үлкен.

СНХ: НҰРЛАН АҚЫЛБЕКОВ, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Бұрын мұнда әскери қалашық орналасқан. Осы жерде түрме болды. Сол кезде дұрыс есептемеген болуы керек. Халықтың саны небәрі 12 мың. Бұл ғимарат тым үлкен. Тиісінше, мұның бәрі коммуналдық төлемдерге, жылытуға, жарыққа, ғимаратты ұстап тұруға кері әсер етеді.

РКС: Аурухана заманауи құралдармен жабдықталған. Жергілікті тұрғындардың ауданнан сыртқа шығып сабылмай-ақ сапалы ем алуына мүмкіндік береді. Облыс әкімі Марат Ахметжанов аудан басшылығының алдына бірқатар міндет қойды. Оның ішінде – өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштерін орындауға қатысты жұмысты жандандыру. Сондай-ақ, ол Жарқайыңдағы инвестициялық жобаларды іске асырудың маңыздылығына да ерекше тоқталды.

САМАЛ ЫСҚАҚОВА, ВАСИЛИЙ ПАВЛИДИ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ