ДИКТОР: Әлемдік күнтізбе¬лер¬ді зерттеген кеңестік ғалым Мыңбай Ысқақов ғы¬лыми ортаға «Халық календары» атты еңбегімен танымал. Қазақ математигінің 100 жылдық мерейтойына орай, кезінде өзі еңбек етіп, ұстаздық еткен білім ошақтарының бірінде «Дәуір математигі-Мыңбай Ысқақов» атты іс-шара өтті.

РКС: Мыңбай Ысқақов 1923 жылы 1 қарашада Көкшетау облысы Зеренді ауданы Қойсалған ауылында дүниеге келген. Бала күнінен білім мен ғылымға құштар болған ғалымның балалық шағы оңай болған жоқ. Содан болар, жоқшылықтың ащы дәмін татқан жас ғалым өзгелерге қамқорлығын көрсетуден аянбаған.

СНХ: АМАНАЙ СЕЙІТҚАСЫМОВ, ТАРИХ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ: Ол кезде Кеңес үкіметінің жаңа құрылып, елде сол аштық, одан кейін конфеске басталып көп қиындық көрген адам. Жетім өскен. Ол туралы біздің Көкшетауға белгілі ғалымдар Айтқажы Қазыбеков, Ербатыр Әсенов одан да басқа қайраткерлер өте керемет еске алады. Өйткені кезінде жетім-жесірлерге, жағдайы жоқ адамдарға, отбасыларға көп көмектескен. Оқытып, өзінің үйінде тұрғызып қамқорлығын көп көрсеткен. Мыңбай атамызды осы Көкшетау қаласында ұлықтау керек сияқты. Көшенің атын беру керек пе, әлде аллеясын жасау керек пе деген сияқты ұсыныстар бар.

РКС: Профессор математика, астрономия саласында бірнеше ғылыми еңбек жазған. Қазақ тілінде 2 томдық «Проективті геометрия» кітабы жарық көрді. Математика факультеттері мен техникалық университеттер әлі күнге дейін оның оқулықтарын пайдаланады.

СНХ: АМАНТАЙ БЕКЕНОВ, МЫҢБАЙ ЫСҚАҚОВТЫҢ АУЫЛДАСЫ: Мыңбай ағамыз бала кезімізде жақсы бір календарь жасап шығарды. Ол кезде ондай календарь еш жерде болмайтын. Соны қолымыздан тастамай бәріміз оқып, көріп, қай жыл қалай аталады деп неге тышқан жылы, неге түйе жылы емес деп күліп отырамыз. Онан кейін Алматыда оқыған кезде Мыңбай ағамыздың үйіне жиі барып тұратынмын. Жұпар жеңгем екеуі құшақ жая қарсы алып, әңгімелерін айтып, елді еске алып, үлкен-кішілерді атап еске алатын. Сондай жарқын бауырмал жандар еді.

РКС: Қоғам қайраткері, драматург-жазушы Жабал Ерғалиев Мыңбай Ысқақовтың еңбектеріне, математика мен астрономия ғылымдарына қосқан үлесі туралы сөз тарқатты. Сонымен қатар, еске алу кешіне келген қонақтарға мектеп оқушылары шағын концерттік бағдарлама ұсынды.

ИНТЕРШУМ: әннен үзінді

РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ