ДИКТОР: Астана қаласында бокстан Қазақстан Республикасының жазғы алтыншы спартакиадасы өтті. Бірнеше күнге созылған бәсеке спорттың осынау қиында қызықты түрінің әлеуетінің биік екенін көрсетті.

РКС: Финалдық кездесулерге 13 жұп боксшы шықты. Олар оған дейін бірнеше қарсыласын тізе бүктірген күміс және алтын медальдан үміткер спортшылар. Әлем чемпионы жерлесіміз Теміртас Жүсіпов нағыз бабында екендігін тағы да дәлелдеді.

STAND-UP: ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, ТІЛШІ: Теміртастың қарсыласы Асхат Жүсіпов те Астана қаласының боксшысы. Шаршы алаңның шаңын қағып жүрген шебер.

ИНТЕРШУМ

СНХ: ТЕМІРТАС ЖҮСІПОВ, СПАРТАКИАДА ЧЕМПИОНЫ: Төрт жылда бір өтетін жауапты жарыс. Сондықтан оған барлық өңірдің мықты боксшылары қатысты. Финалға дейінгі кездесулерде оңай болған жоқ. Жастар өсіп келеді. Солардың бірі жанағы қарсыласым Асхат Жүсіпов. Оған қарсы тактика қолданып, тым жақын келмей алыстан соққы бердім.

РКС: 51 келі салмақта алдағы Париж олимпиадасында Қазақстан намысын қорғауға лайықты боксшылар Сәкен Бибосынов пен Санжар Тәшкенбайға ҚР Туризм және спорт Министрі белгілі боксшы Ермек Маржықпаев марапат жасады.

СНХ: ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, ҚР ТУРИЗМ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРІ: Спартакиада қазақ боксының биік деңгейін көрсетті.

РКС: 71 келі салмақта сынға түскен Ақмола облысының боксшысы Талғат Шәйкен финалда Батыс Қазақстан облысының өкілі Сабыржан Аққалықовпен қолға түйістірді. Екеуі де елімізден тысқары жерлерге танымал қолғап шеберлері. Талғат үш раунд бойы Орал қаласының боксшысына қарсы сериалық соққыларын дарыта білді. Нәтижесінде алтыннан алқа тақты.

СНХ: ТАЛҒАТ ШӘЙКЕН, СПАРТАКИАДА ЧЕМПИОНЫ: Жарысқа бірнеше ай бойы тыңымсыз дайындалдық. Оқу жаттығу жиындарынан өттік. Бапкерлер Бақтияр, Абзал, Серібай ағайлар осы спартакиадаға баптап әкелді. Барлық кездесу оңай болмады. Сабыржан Аққаықовты көптен білемін. Алланың қалауы өзімнің маңдай теріммен жеңіске жеттім. Алда лецензиялық турнирлер бар. Соған жан-жақты дайындаламыз.

РКС: Астана шаршы алаңынында өткен бокстан жазғы спартакиадада Ақмола облысының ұландары Оразбек Асылқұлов 57 келі салмақта күміс, 54 келіде жұдырықтасқан Тимур Қабдешов қола медаль еншіледі. Сөйтіп жерлес қолғап шеберлері діттеген міндеттін биігінен көрінді.

ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, АЛМАС САДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ