ДИКТОР: Жыл басынан бері Ақмола облыстық мансап орталығына 24 мың адам жұмыс іздеп хабарласып, олардың 10500-і жұмыссыз ретінде тіркелген. 21 мың адам, яғни, 87 проценті жұмыспен қамтылған. Бұл бағыттағы жұмыстарды белсенді жалғастыра береміз,- дейді облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының мамандары.
РКС: Бекжан Арманбекұлы қазақ жоғары гуманитарлық-техникалық колледжін "Ақпараттық жүйелер" мамандығы бойынша тәмамдаған соң, Отан алдындағы борышын өтеуге аттанады. Әскерден келген соң жұмыс іздеп, жұмыспен қамту орталығына барады. Осылайша ол өз мамандығы бойынша тұрақты жұмысқа орналасқан.
СНХ: БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, "ҚАЗАҚСТАН" РТРК" АҚ АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ БЕЙНЕМОНТАЖ ОПЕРАТОРЫ: Жұмыспен қамту орталығына бардым. Олар мені «Көкше» телеарнасына жіберді. Осында 2 қарашадан бастап еңбек етіп жатырмын. Осы телеарнада бейнемонтажер болып жұмыс істеймін. Жұмысым өзіме ұнайды, ұжымда жастар өте көп.
РКС: Жыл басынан бері облыс бойынша 29 мыңнан аса жаңа жұмыс орны ашылып, 24 мыңнан аса адам тұрақты еңбекпен қамтылды. 6 мыңға жуығы уақытша жұмысқа тұрған. Бурабай, Астрахан, Біржан сал аудандарында және Степногорск, Көкшетау қалаларында мүмкіндігі шектеулі жандар үшін 6 арнайы жұмыс орны құрылды.
СНХ: АСЫЛ МОЛДИЯРОВА, ОБЛЫСТЫҚ ЕҢБЕК ҰТҚЫРЛЫҒЫ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту ұлттық жобасының бірінші бағытын жүзеге асыру мақсатында үстіміздегі жылы жастар тәжірибесі, алғашқы жұмыс орындары, қоғамдық жұмыстар бар тағы бірқатар бағдарламалар шеңберінде 2909 адам жұмысқа жіберілді. Олардың 55 проценті жұмыспен қамтылды. Қоғамдық жұмыстарда 95 жоғары сынып оқушысы мен студент демалыс уақытында еңбек етті.
РКС: Жұмыс берушілердің тапсырысы бойынша қысқамерзімді кәсіби курсқа 483 адам жіберілген. Бүгінге дейін олардың 350-і оқуын аяқтап, 306-ы тұрақты еңбекпен қамтылды.
МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ