ДИКТОР: Қазақстан Республикасының 18-27 жас аралығындағы азаматы Отан алдындағы әскери борышын өтеуге міндетті. «Отан үшін отқа түс – күймейсің» деген Бауыржан Момышұлының ұлағатты сөзі әрбір жастың жүрегіне жетіп жатыр. Әскерге деген қызығушылық артып, өз еркімен сарбаз атанғысы келетіндердің қатары да көбейген.

РКС: Кез келген ер азаматтың елі алдындағы абыройлы міндетті атқаруы - алдағы уақытта Отанына қалтқысыз еңбек ететінінің айқын дәлелі. Ұланы бар елдің, ұраны бар қағидасын ұстанған, елі үшін от пен суға түсуге дайын тұрған жастардың қарасы қалың. Солардың бірі-Ахмет Шамгунов.

СНХ:АХМЕТ ШАМГУНОВ, ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТІ: Мен КазГТК колледжінің 4 курс студентімін.Оқуым аяқталған соң Отан алдындағы борышымды өтегім келеді. Менің ата, ағаларым әскерде болып, өз борышын өтеп келген. Мен де солар секілді болғым келеді. Әр азамат Отан алдындағы борышын өтеуге міндетті. Болашақ біздің қолымызда. Еліміздің тыныштығы үшін адал еңбек еткім келеді.

РКС: Мерген Дәулетбек те Ахмет сынды өз еркімен әскерге баруға ниетті. Жігіт патриотизмнің адам бойында өздігінен ояна қоймайтынын жақсы түсінеді. Отаншылдық қасиетті қалыптастыру үшін әсіресе ер азаматқа әскердің тәртібі мен дәмін сезінуі керек деп есептейді.

СНХ: МЕРГЕН ДӘУЛЕТБЕК, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ: Мен Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің 4 курс студентімін. Биыл дипломымды қолыма алып, әскерге барғым келеді. Елімнің тыныштығы үшін жауапты болғым келеді. Өзім әскери кафедрада 2 жыл оқыдым. Қазіргі таңда мен сол кафедраның түлегімін. Болашақта өзімді осы әскери жолда елестетемін.

РКС: Тәуелсіз Қазақстанның Қарулы Күштеріне 31 жыл. Осы жылдар ішінде әскердің мәртебесі биіктеп, ел қорғанына айналар жастардың да қатары жыл озған сайын артып отыр. Мемлекетіміздің тыныштығын қадағалауға үлес қосып жүрген айбыны асқақ сарбаздардың орны қашан да бөлек.

АЙЫМГҮЛ НАЗАРОВА, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ