ДИКТОР: Ауыл шаруашылығы саласында ерлермен иық тірісе еңбек етіп жүрген нәзік жандылар да бар. Солардың бірі-Зеренді ауданына қарасты «Азат элеваторы» серіктестігінің директоры Наталья Горбунова. Ол Ақмола облысы бойынша осындай алып кәсіпорынды басқарып отырған жалғыз әйел.

РКС: Наталья Алексеевна мамандығы бойынша есепші-экономист. Алғашқы еңбек жолын Қапшағай қаласындағы балық зауытында ата-анасының ізін жалғастырудан бастайды. 1994 жылы астық бизнесіне келеді.

СНХ: НАТАЛЬЯ ГОРБУНОВА, «АЗАТ ЭЛЕВАТОРЫ» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Алматыдағы халық шаруашылығы университетін тәмәмдадым. Қазіргі уақытта бизнеспен айналысамын. Біз шаруалардан майлы, дәнді дақылдарды қабылдап аламыз. Оны кептіріп, стандарттарға сай өңдеп, қайта өткіземіз. Бұл менің екінші қызметім.

РКС: Наталья Алексеевнаны алғаш элеваторға жұмысқа шақырған кезде біраз қорқақтағанын жасырмайды. Сенімсіздікпен қарағандар да болғанын айтады. Кейбіреулер бұл жұмыс тым ауыр, нәзік жанды оны тиісті деңгейде атқара алмайды деп есептеді. Бірақ, ол өзінің білікті маман екенін дәлелдей алды. Бүгінгі таңда, оның қарамағындағылар әділ басшы ретінде құрметтейді, мақтан тұтады.

СНХ: МАЙРА СӘБИЕВА, «АЗАТ ЭЛЕВАТОРЫ» СЕРІКТЕСТІГІ ӨНДІРІСТІК-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТХАНАСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ: Наталья Алексеевнаны бұрыннан білеміз. 2010 жылы менің бизнесімнің клиенті болды. Қызметімнің басында ол біздің клиентіміз болғанын білдіреді. Мен инспекцияда жұмыс істеген кезде астық сараптамасына қатыстық, қазір ол менің тікелей директорым. Директорым туралы не айтамын, біріншіден, ол әйел адам, оның бойында көптеген жақсы қасиеттер бар, ол өте мейірімді, кейде жұмысына кедергі келтіреді, ол жауапкершілікті, клиенттері көп. Біз шетелге, Қазақстанның сыртына көп астықты жөнелтеміз, сондықтан оны саналы, жауапкершілігі мол адам деп айта аламын

РКС: Наталья Горбунова жұмысқа орналасқан кезде элеватордың жағдайы мүшкіл еді. Оны жаңғырту үшін көп күш-қуатпен қатар қаражат та жұмсады. Оның басшылығымен элеватор аумағына жаңа асфальт төселіп, астық қоймасы салынды. Алғашқы жылы элеватор 100 мың тонна астық қабылдаған. Айта кетейік, бұрынғы басшылардың кезінде элеватор 15-16 мың тонна астықты ғана қабылдай алатын. Наталья Горбунова әйелге тән емес жұмыста өз орнын тапты деп сеніммен айтуға болады.

ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ